Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу қиындайды

none

Қазақстанда зейнетақы жинағын алудың жеткілікті деңгейі айтарлықтай өсед. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ең төменгі жеткілікті деңгей шегі (ТЖШ) қалай есептелетінін түсіндірді.

БЖЗҚ мәліметінше, 2021 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңы күшіне енді. Заңға сәйкес, азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделудің ақысын төлеу, сондай-ақ, жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалану құқығы беріледі. Бұл құқықты зейнетақы жарналарын тұрақты және толық көлемде аудару есебінен ең төменгі жеткілікті деңгей шегінен асатын және болашақта ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес зейнетақы төлемін алуға мүмкіндігі бар салымшылар пайдалана алады.

2022 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақы қорындағы ақшаны алу шарты өзгереді: Қорда міндетті түрде қалуы тиіс қаражат мөлшері ("жеткілікті шек") шамамен екі есеге ұлғаяды. Бұл жөнінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры хабарлады.

Ресми ақпаратқа қарағанда, "жеткілікті шек" мөлшерінің көбеюі әлеуметтік көрсеткіштердің ұлғаюымен байланысты. Атап айтқанда, 2022 жылы ең төменгі жалақы мөлшері 41 пайызға көбейген (42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін).

Осылайша жаңа өзгеріске сәйкес, 30 жастағы азамат үшін зейнетақы қорында қалуы тиіс "жеткілікті шек" мөлшері – 4,37 миллион теңге болады, 40 жастағылар үшін – 5,79 миллион теңге, 50 жас – 7,43 миллион теңге, ал 59 жастан бастап – 9,12 миллион теңге болады.

Елде зейнетақы жинақ қорындағы ақшаны басқару тиімділігіне сын жиі айтыла бастаған жақта ондағы ақшаның бір бөлігін пайдалануға рұқсат берілген еді. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтарға қордағы ақшаны баспана, емдеу және инвестициялық басқаруға беруге рұқсат етілген.

Сарапшылардың айтуынша, зейнетақы қорындағы ақшаны ипотеканы жабу үшін пайдалануға беру – жылжымайтын мүлік нарығында бағаның шарықтауына әсер еткен. Ресми ақпарат бойынша, 2021 жылы маусымға дейін 16 мың адам зейнетақы қорындағы ақшаның көмегімен ипотека қарызынан құтылған.

Кейбір сыншылар зейнетақы жинағы жоқ немесе мөлшері өте аз миллиондаған адам зейнет жасына жеткеннен кейін әлеуметтік қиындықтарға ұшырауы мүмкін деп ескертеді.

Әдістемеге сәйкес ТЖШ мөлшері әрбір жас ерекшеліктері үшін есептеледі және болашақ зейнетақы төлемдері мен зейнетақы жарналарының өсуін ескереді. Бұл ретте Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" заңына сәйкес, жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы (ЕТЖ), ең төменгі зейнетақы (ЕТЗ), ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) сияқты әлеуметтік көрсеткіштер қолданылады. Осыған байланысты ТЖШ мөлшерін есептеу жыл сайын аталған көрсеткіштердің өсуін ескере отырып жүргізіледі.

Сондай-ақ, әдістемеге сәйкес ТЖШ анықтау үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынысы бойынша және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің келісімі бойынша жыл сайынғы негізде қабылданатын көрсеткіштер пайдаланылады.

2022 жылға әлеуметтік көрсеткіштер көлемі өскендіктен (атап айтқанда, ЕТЖ мөлшері 2021 жылы 42 500 теңгеден 2022 жылы 60 000 теңгеге дейін.) 2022 жылға ТЖШ мөлшері де көбейтілді. Мәлімет төменде көрсетілген:

text

Айдары: Текемет 03.12.2021 76

Қатысты мазмұн