Оппозицияның туы Мамайдың қолында қалды

none

«Ермұрат Бапи, Ринат Заитов секілді «оппозиция» аяқасты биілікпен ауызжаласып депутаттық мандат үшін сатылып кетті» деп, жүйке тоздырып шіли нете бермесеңдерші. Таңғалатындай бұлардың қылығы бірінші сатқындық емес қой. Бізге белгілісі – олар бұған дейін кемі үш мәрте биліктің құпия жоспарын жүзеге асырды. Журналистер соны жазған кезде «Бапи мен Заитовты тапсырыс бойынша бекер қаралап жатырсыңдар» деп сенбеген едіңдер. Міне, енді «оппозицияның» сатқындығына өздерің куә болдыңдар.

«Бапи мен Заитов билікке кетіп қалды, енді оппозицияны кім басқарады?» деп тағы да тарығып шіли нете бермеңдер. Тайжан, Шораев, Боқаев кейпіндегі «Жаңа Қазақстандағы» оппозицияның су жаңа лидерлері пайда болды ғой. Әр сайлаудың оппозиция үшін қайыры бар деген осы шығар.

Бұл үшеуінің Бапи мен Заитовтан несі кем? Әлде, «олар наразы халықты бастайтын оппозицияның серкесі бола алмайды» деп сенбейсіңдер ме? Тайжан бұрын да қол бастап қатырмаған, жұртты қоздырып жіберіп өзі «ондақ болды, мұндақ болды» деп митингіге келмей қалатын еді ғой.

Тайжан депутат болмаса да, аштан да, көштен де қалмайды. Оппозиция болып-ақ биілікпен ауызжаласып бизнес жасап жүре береді. Тайжандар отбасының олигархтармен әмпей-жәмпей екені де жазылды. Шкафынан қаншама скелет табылды. Мұның бәрі «Пияз дауы», «Соғым байтал» оқиғасы секілді әлі-ақ ұмытылады, қазақтың жады қысқа ғой...

Мүмкін, Тайжан мен Боқаевтың қолына Үкімет ауысқанда вице-министрдің бір-бір портфелін ұстатар. Бұдан да қарапайым халық ұтпайды. Ал Арман Шораевтың әлеуметтік желідегі «диван батыр» екенін білесіздер. Ол онлайннан шығып шеру бастайтын көше саясаткері бола қоймас. Сондықтан оппозицияның туын әдеттегіше «Маймай» жобасы желбіретіп кете береді.

Oraz Alimbekov,

Faceboоk парақшасынан алынды

Айдары: Түтін 22.03.2023 134

Қатысты мазмұн