Нәпсісін тия алмаған журналистің тағдыры

none

Олар нәпсісін тия алмай, көрінген қыз-келіншекке қызығамын деп отбасынан айырылуда. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз журналист, «Youtube» каналдағы «ND» бағдарламасының жүргізушісі Думан Мұхаммедкәрім.

Думанның басынан өткен жағдайды өзгелерге өмірлік сабақ болсын деп айтатын боламыз. Думанның жұбайы - Жаныс Арай Бошанқызы, 1982 жылы Семей қаласында туылған. Бір қызығы, өзіне бала сыйлаған ақ некелі жарынан безіп, қызқұмарлығынан бүгінде тізесін құшақтап, жалғыз қалған Думан, өткен ісіне өкініш білдірмейді. Өйткені, жұмыс бабымен үнемі сыртта жүріп, даланың адамына айналған. Уақыт өте келе, барлығын сырттан іздейтін болған. Көрінген қыз-келіншекке ақшасын шашып, бір сәттік ләззат үшін бәрін ұмытқан. Әйелі мұның бірін білгенімен, бірін білмейтін. Көп қылығына кешіріммен қараған.

Думанның өмірге икемсіздігін ерте байқаған Арай, оған диплом алып беру үшін біраз еңбектенді. Атап айтсақ, жасы отыздан ассада, оқу орында тұрақтамай, шырылдауық шегірткедей ұшып-қонатын Думанға 2018 жылы өзі қызмет атқаратын Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінен журналистика мамандығы бойынша дипломды алып берген де осы бұрынғы әйелі Арай болатын.

Думан 2014 жылы жалған дипломмен ұсталып, үстінен қылмыстық іс қозғалғанда да қасынан табылған осы Арай еді. Өзі ұстаздық жолды таңдап, өскелең ұрпақты тәрбиелеумен айналысатын Арай үшін, ешқандай жауапкершілік жоқ, жеңіл жүрісті Думанды тәрбиелеу, оны түзетуге тырысу оңай болған жоқ. Әйелі және балалары үшін, отағасы және әке ретінде міндетін орындамау, қызқұмарлығы осы отбасының шаңырағын шайқап, ақыры ажырасып тынды. Қазақ «бала қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған.

Бала - әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Таныстарының арасында өзінің отбасын шайқалтып, даладан мейірім іздейтін Думанның қоғамды, билікті сынап, оны түзетуге ақыл айтуға моральдық құқығы жоқ деп санайтындар да аз емес.

«Адасқанның айыбы жоқ, қайтіп үйірін тапқан соң» демекші, Думанның халықты арандататын ісін тоқтатып, отбасына оралып, адал кәсіппен айналысып, отбасын асыраса деген жанашырлары да бар екен… Алайда, ұзақ уақыт отбасынан жырақта жүріп, жауапкершілігі жоқ комфорт өмірге үйренген Думан, осы қадамды жасай ала ма? Жалғыз өзі отбасының тауқыметін көтеріп, еркектің тірлігін қоса атқарып жүрген Арай, оны кешіре ала ма? Аталмыш сұрақтардың жауабы уақыт еншісінде...

Қызайым Бекмұрат

Айдары: Текемет 27.01.2023 256

Қатысты мазмұн