Қазақстандықтар үкімет отырысының онлайн-трансляциясы кезінде пікір білдіре алады

none

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізетін үкімет қаулысын әзірледі.

Атап айтқанда, жаңа өзгеріс бойынша, отырыстар онлайн-трансляциялауды қамтамасыз ете отырып ашық әрі мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда орыс тілінде жүргізіледі.

Президенттің немесе премьер-министрдің бастамасы бойынша жабық отырыстар өткізілуі мүмкін.

Құжатта қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, Үкіметтің ашық отырысының қорытындылары отырыс өткізілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде интернет-ресурста орналастырылатыны жазылған.

"Онлайн-трансляция жүргізу кезінде азаматтарға пікірлер қалдыруғамүмкіндік беріледі", – делінген құжатта. Қаулы 2024 жылғы 4 сәуірден бастап күшіне енеді.

Құжат 20 қарашаға дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Дереккөз: Zakon.kz

Айдары: Текемет 06.11.2023 54

Қатысты мазмұн