Қазақстанда оң рульді автомобильдерді заңдастыруға мүмкіндік болады

none

Қазақстандықтар оң рульі бар шетелдік көліктерді бір рет заңдастыратын болады. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев мәлім етті.

Тиісті мәселені Сенаттың жалпы отырысында депутат Нұрлан Бекназаров көтерді. Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда оң рульді көліктердің жүруіне заңнамалық тыйым салынған. Сонымен қатар, кейбір азаматтар оң рульді шетелдік нөмірлі көліктерді әкеліп, қазір тіркей алмай жатыр.

Бұл ретте ол Мемлекет басшысының Жолдауындағы тапсырмасына сай, 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстанға әкелінген және мемлекеттік тіркеуден өтпеген шетелдік автокөліктерді заңға сәйкес бір реттік заңдастыру міндетін қойғанын еске салды.

"Бүгінгі күні мемлекет басшысының тапсырмасына байланысты біз көлік құралдарын біржолғы тіркеу бойынша жұмыс істеп жатырмыз, жақында ғана оң рульді көліктер бір реттік заңдастыруға енгізілетіні туралы тиісті түзетулер енгіздік. Қазір мұндай көліктердің саны 20 мыңға жуық" - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев.

Zakon.kz хабарлағандай, бұған дейін ІІМ көлікті бастапқы тіркеу үшін 200 000 теңге төлейтінін айтқан.

Айдары: Текемет 26.12.2022 51

Қатысты мазмұн