«Қазақстанда бәрінен де жақсы жасалатыны ұрлық»

none

Бірер күн бұрын телеграмдағы «НЕХабар» каналын қарап отырып, онда «Qatyq Wear» компаниясының «плагиатшы жігіттері» футболканың дизайны мен топтама атауын елге танымал блогер Бейбіт Әлібековтен ұрлағаны туралы жазылған постты көрдім.

text

text

«НЕХабар» жариялаған постының мазмұны мынадай:

«Қазақстанда бәрінен де жақсы жасалатыны ұрлық. Шенеуніктер ғана емес, анықтап білгеніміздей, киім дизайнерлері де солай. Бұған Qatyq Wear плагиатшы жігіттерінің аккаунтын көріп көзіміз жетті. Тіпті қадалып қарамай-ақ, @alibekovkz әзірлеген A7:27 коллекциясымен ұқсастығын байқауға болады. Ұрланған идеялармен бизнес жасау жақсы іс емес. Айтпақшы, бір кезде Tumar Time компаниясы @alibekovkz сағатының дизайнын қолдан жасауға тырысқан, бірақ онысынан да ештеңе шыққан жоқ».

https://t.me/nehabar

Жағдай шынымен де солай ма екен деп анық-қанығына жетуге кірістім.

Алматының жас жігіттері құрған «Qatyq Wear» деп аталатын жаңа қазақстандық киім брендінің парақшасын көрдім. Сәнді әрі заманға сай етіп тігілген олардың өнімдері маған өте ұнады, оның үстіне онда қамтылған ұлттық идеяға да көңілім толды. Жаңа, тың идеяларға толы әрі патриоттық сезімі бар жігіттердің бар екеніне қуанып, ішімнен: «Жарайсыңдар, жігіттер! Қазақстанның модасын дамытыңдар. Сендер тіккен киімді казақстандықтар да, туристер де сатып алады. «Географияларыңды» кеңейте беріңдер,» - дедім.

text

Өнім үлгілерін мұқият салыстырған мен пост авторының пікіріне келісе алмаймын. «Qatyq Wear» («almatinec7’27») және Бейбіт Әлібековтың («A7:27») топтамаларының атаулары бір-бірінен ерекше, өнімдерінің дизайны туралы да осыны айтуға болады (фотоны қараңыз). Көріп байқасаңыз, екі дизайнердің киімінің адамды жаңылыстыратын дәрежеде ұқсастығы жоқ. Жас жігіттер өз өнімін алматылықтар мен оңтүстік астана қонақтары ұнататын кафелердің атауы көрсетілген принт-жазулармен безендірген. Киім үлгісіндегі Алма-Ата атауы мен қаланың телефон коды өзіндік стильмен және қаріппен басылған. «7.27 Р.М.» деген белгіні қаланың телефон коды, сондай-ақ жас жігіттер мен қыздар бас қосатын кешкі уақыт деп те түсіндіруге болады. Бұған қоса, бәріміздің сүйікті қаламыз - Алматының (Алма-Ата) атауы Таңбалы петроглифтері, ұлттық батырлардың суреттері, ұлттық әшекей бұйымдардағы сақтың аң стилі, ою-өрнек және т.б. сияқты бүкіл Қазақстан ұлтының ортақ мұрасы екені даусыз. Сондықтан «қала атауы мен оның телефон кодын біреудің жекеменшігі деп есептеуге бола ма?» деген сұрақ туады. Егер пост авторының логикасына сүйенсек, бұдан былай бұл белгілерді өз өніміне жазуға ешкімнің қақысы жоқ екен. Егер Алма-Ата (Алматы) атауы мен оның телефон кодын пайдалануға монополия орнатылған болса, онда мұны өзінің құжаттарына жазатын кез келген фирмаға немесе регистрлерінде, құжаттары мен заң актілерінде «Алматы», «Алма-Ата» және «727» деп жазылған мемлекеттік органға да осындай кінә тағуға болады.

text

text

Қызметтің кез келген саласында орынды, салауатты бәсекелестік болуға тиіс, оның жаңа идеялардың тууына жағдай жасайтыны, ілгері басып, сапаның жақсаруына септесетіні анық. Қазір шағын және орта бизнес құрып жатқан жастардың басталамаларына қолдау жасау қажет, ал өзіміздің бала кезімізден еңсемізді басқан «болмайды» деген ойлардан арылғанымыз жөн. Осылайша, «НЕХабар» шулап көрсеткен плагиатты «қадалып қарамай» ғана емес, мүлдем көріп тұрғаным жоқ.

Ал «Қазақстанда бәрінен де жақсы жасалатыны ұрлық» деген айып – бөлек әңгіменің арқауы. Бұл сөз бүкіл қазақстандықтарды қаралау сияқты естіледі. Өз басым «НЕХабардың» орнында болсам, бәрінен кешірім сұрайтын едім. «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» деген, ағайын.

Сәкен Түсіпбек

Айдары: Текемет 02.08.2020 176

Қатысты мазмұн