Қайрат Сатыбалды ұсталды

none

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 13 наурызда "Қазақтелеком" АҚ қомақты қаржысын жымқырды және қызметтік өкілетін асыра пайдаланды деген күдікпен Қайрат Сатыбалды(ұлы)ның ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамауға алынғанын хабарлады.

"Қайрат Сатыбалдыұлының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін өзге де қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр. Тергеу жалғасып жатыр" де жазылған агенттік хабарламасында.

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі 51 жастағы Қайрат Сатыбалдыұлы "Kaspi.kz" АҚ негізгі акционерлерінің бірі болған (30%), Alatau Capital Invest арқылы "Қазақтелекомда" үлесі бар.

Әр жылдары мемлекеттік қызметте істеген. 2000 жылдары Астана қаласы (қазіргі – Нұр-Сұлтан) әкімінің орынбасары, "KazakhOil" компаниясының вице-президенті, "Қазақстан темір жолы" компаниясының бірінші вице-президенті болған. 2010-2015 жылдары ағасының — президенттіктен кетсе де, билікке ықпалын сақтауға тырысқан бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Нұр Отан" партиясында хатшы болды.

Forbes журналы 2018 жылы оны Қазақстандағы ең ықпалды 50 кәсіпкердің қатарына жатқызған. Журнал сол жылы оның байлығын 163 млн долларға бағалаған.

Бұған дейін оның есімі офшор құжаттары әшкереленген кезде аталған.

Айдары: Түтін 13.03.2022 72

Қатысты мазмұн