«Іле Алатауы ұлттық паркі» көпбалалы ананы күнкөріссіз қалдыра ма?

none

Көпбалалы ана Ләззат Әбжамалова 2007 жылдан бері Іле Алатауы ұлттық паркі аумағына қарасты алаңқайды 49 жылға жалға алып, шағын кәсіпкерлікпен айналысып жүр. Соңғы уақыттары директоры Дамир Малгелдиев тарапынан жасалып отырған орынсыз қысым кәсіпкерді алаңдатқан. Ұлттық парк басшысы көпбалалы ананы жалға алған орнынан қуып шығу үшін барын салуда. Осы орайда, демалыс орнында жұмыс істейтін 30 адам жұмыссыз қалуы мүмкін.

Ләззат Әбжамалова:

«Президент пен Жоғарғы сот төрағасынан араша сұраймын.

14 жылдан бері «Іле Алатауы ұлттық паркі» аумағы Алма-Арасан шатқалындағы шұрайлы жерді 49 жылға жалға алып отбасылық кәсібімді жүргізіп келем. Нақтырақ айтқанда киіз үйлер мен ашық алаңқайлар тігіп маусымдық демалысқа келген қонақтарға қызмет көрсетеміз. Қолымдағы құжаттарымның бәрі заң талабына сай рәсімделіп, екіжақты келісімшартпен бекітілген. Былтырдан бері «Іле-Алатауы ұлттық табиғи паркі» РММ бас директоры Дамир Малгелдиев тарапынан көрсетіліп келе жатқан орынсыз қысым жөнінде жалпақ жұртқа жариялауға мәжбүрмін.

Жаңа басшы қызметке келгелі жұмыс істеуге мүмкіндік берер емес. Менің тарапымнан келісімшарт бұзылғанын айтып, жерді босатуымды талап етуде. Оның алға тартып отырғаны, менің ұлттық саябаққа қонақ үйлер салмағаным, СЖТ беру туралы шартты орындамауым екен. Уәкілетті және құзыретті орган атынан «Алматы қаласының қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы маған аумақты абаттандыруға және жер учаскесі орналасқан жерде шағын сәулет құрылыстарын салуға сәулет-жоспарлау тапсырмасын бергенімен, менің учаскем қазіргі уақытта Алматы қаласы әкімдігінің 11.03.2017 ж. №1/84 қаулысымен бекітілген қосылған аумақтардың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес көшенің қызыл сызықтары шегінде, су қорғау белдеуінде, Проходная өзенінің аймағында, «Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» ЕҚТА аумағында орналасқандығының қарапайым себебі бойынша құрылысқа СЖТ бере алмайды. Яғни, Ұлттық парк аумағына ауыр құрылыс салуға рұқсат жоқ. Заң солай. Өйткені ұлттық парк ұсынған дамудың бас жоспары «ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңының, ҚР ҚН талаптарына сәйкес келмейді. Бұған пысқырып та қарамаған Д. Малгелдиев құрылыс нысанын уақытылы салмадың деген желеумен маған тізе батырып отыр. Сонда мемлекеттің заңы күшті ме, жоқ әлде табиғи парк басшысының келісімшарты күшті ме?

Аудандық және қалалық деңгейдегі прокуратура органдары ұлттық парк тарапынан жасалған заңбұзушылықты көріп, ұлттық парк өзінің бас жоспарын қолданыстағы сәулет заңнамасына сәйкес келтірмейінше, менің жеке кәсіпкер ретінде және жер пайдаланушы ретінде құрылысқа тиісті СЖТ ұсына алмайтыныма көз жеткізді. Даудың мәнін түсінген мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттағылар да заң бұзушылықты көрді және менің «тікелей заңнамалық тыйымға байланысты» міндеттемені орындай алмайтынымды айтты. Алайда, кейінгі инстанция, мәселеге шындап алаңдамай, бірінші инстанция сотының актісін алып тастады және сол арқылы мен шарттық талаптарды бұздым деген шешім шығарып отыр. Мұнымен тоқтап қалмай, соңына дейін күресуге дайынмын. Себебі бұл менің отбасымның табыс көзі. Бізде жұмыс істеп бала-шағасын асырап отырған жиырма шақты азамат та жағдайға алаңдап отыр. Осы мәселенің әділ шешім табуы үшін, Ел Президентінен, Жоғарғы сот төрағасынан араша сұраймын. Сондай-ақ Комитет төрағасынан қалыптасқан жағдайды түсіну және заң талаптарына сәйкес парктің бас жоспарын Алматы қаласының Бас жоспарына енгізу жөнінде урбанистика басқармасы талап қойып отырған МҰТП бас директорының іс-әрекетіне назар аударуды сұраймын»...

Құрметті БАҚ-өкілдері, осы мәселеге сіздердің де назарларыңызды аударғымыз келеді.

Баспасөз мәслихатының өтетін орны мен күні: 14 маусым, Алма-Арасан шатқалы, сағат:11.00. Телефон: 8701 799 16 35.

Ләззат Әбжамалова. .

Айдары: Текемет 12.06.2021 92

Қатысты мазмұн