Гүлнар Бажкенова тәуелсіз бе?

none

Бүгінде өзін тәуелсіз және оппозициялық журналист етіп көрсетіп жүрген Гүлнар Бажкеноваға әріптестерінің көзқарасы екіұшты. Qazpolit.org мәліметіне назар аударсақ, біреулер оны өз ісінің маманы десе, басқалар оның шығармашылығы мен медиа-менеджментіне күмәнмен қарайды. Әріптестерінің Бажкенованың «кәсібилігі» туралы пікірлері назар аударарлық. Мысалы, оның 2011 жылдың 16 желтоқсанда Жаңаөзенде болған оқиғаға көзқарасы. Гүлнар сол күні Фейсбукте былай деп жазды: «Оқиға орнынан видеоны қарап отырмын, полиция адамдарға оқ атпақ түгілі, дубинкасы да жоқ».

Әріптестері оның бұл сөзін орынсыз әрі кәсіби емес деп бағалап, қазақстандық журналистиканың мэтрі бұл сөзді ресми Астананың көзқарасына тиімді сөз айтты деген тұжырым жасады.

Осыдан кейін сәл уақыт өткенде «Аңыз Адам» журналына қатысты дау шықты. Бұл басылымның бір санының мұқабасына Гитлердің портреті салынған, ал кейінірек мұндағы мақалада нацизм насихаты бары сотта дәлелденді. Журналда Холокост та, Гитлердің адамзат алдындағы басқа да қылмысы ақталған. Бірақ Баженова журналдың бас редакторы Жарылқап Қалыбайды қорғап, мақала жазды. Сот залынан жасалған репортаждарының бірінде Бажкенова былай деді: «Гитлер, әрине, ерекше жағдай, бірақ "Гитлер — фашист емес" деген сөзге ренжу ақылсыздық».

2015 жылдың жазында Бажкенова «Азаттықта» авторлық колонканы жүргізуге шақыру алды. Оған ешқандай шектеу қойылмады: оның материалдары дереу және редакторлық тексерусіз жарияланып отырды. Баженованың ресурста болуының өзі сол басылым қызметкерлері арасында көптеген сұрақ туғызды. «Сырттан қарағанда автор болса автор шығар, бірақ ол кемсітушілік және жала жабу мақсатындағы мақалалары үшін Азаттықтың редакциясында жұмыс істеп жүргендей ақы алды. Басты қауіп — оқырманның "Азаттықта" кез келген жарияланымды америкалық үкіметтің ұстанымы ретінде қабылдайтыны.

Егер Бажкенова сол кездегі премьер-министр Кәрім Мәсімовті мадақтаса немесе Парламенттің төменгі палатасының спикері Нұрлан Нығматулинді Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевты түрмеге қамауға «тапсырыс берген болуы мүмкін» деп айыптаса (мұндай да блог болған), онда қатардағы оқырман ресми Вашингтонның ұстанымы осындай деп ойлауы мүмкін, Ақ үйдегілер Мәсімовті қолдайды және Нығматулинді ұнатпайды, сондықтан оған Қазақстан Президенті лауазымын бермеу керек деген пайымы болады. Мақсаты да сол болған шығар, "Блогистан" туының астында "Азаттық" сайтына Бажкенованың тапсырыспен жазған материалдарының легі ағылуы үшін жасалған да шығар", — деді оның «Азаттықтағы» бұрынғы әріптестері.

Олар Бажкенованың 2017 жылы тұтқындалған Жанболат Мамайға қатысты беделін түсіретін мақалалар жазғанын да еске алды. Бажкенова «Из Трибуны сооружают возвышение» атты мақаласында Мамайды саяси маргинал қылып көрсеткен, оның айтуынша, Мамайға қамау шарасы «нақты қатал жазаның орнына» «лайықсыз атақ сыйлап жатыр».

«2016 жылдың 23 қаңтарында Бажкенова басынан аяғына дейін басқа ірі журналист Данияр Әшімбаевты қорлаған блогын сайтқа тықпалады. Екеуінің арасында қандай ала мысық жүгіріп өткенін қайдам, екеуі де Алматының сатылатын журналистік қоғамдастығында сияқты еді, соған қарағанда Бажкенова өз бәсекелесін айыптағысы келген болуы мүмкін», — деп еске алды «Азаттық» қызметкері Әсем Тоқаева.

Журналистік қызметтен басқа Бажкенова блогерлікпен де белсенді айналысты. Yvision платформасында ол өзінің барлық «шеберлігін» жақсы көрсеткен опустарын жариялады.

Баженова үнемі мамандығында бірінші болуға ұмтылады және бұл ұмтылысы көбіне-көп оны ақымақ қылып көрсетеді. Мысалы, 2020 жылдың наурыз айында ол өзінің телеграм-каналында «Белгісіз дереккөздердің ақпараты бойынша, президент Тоқаев өз өкілеттігін тоқтатады» деген жазба жариялады. Мемлекет басшысы өкілеттігін тоқтатпады, Бажкенова тағы да өзінің мәлімдемесін растады: «Қызметтік бабын пайдаланып, құпия ақпаратты құпия деп жариялаған адам батыр емес. Ол, ең алдымен, жыныстық сәйкестілігі бұзылған, нарциссизмі және обцессиалды депрессиясы бар адам».

Гүлнар Бажкенованың «Сорос Қазақстан» қорымен ынтымақтастығын да атап өтпеске болмас. 2018 жылы Қор қызметкерлері оған кітап жазуды ұсынды. «Бірнеше жыл бойы ол білім беру саласы туралы белсенді түрде жазды, сондықтан Сорос қоры бұл кітапты жазуды сұрады. Кітапта Гүлнар Қазақстанның түкпір-түкпірінен ерекше балалар мен олардың отбасыларының тарихын жинады. Қазақстандық қоғам үшін күтпеген тақырып – инклюзия.

Сырттан қаржы құйылғанын жақсы көретін Гүлнар Бажкенова тәуелсіз БАҚ-ты қалай ашуға болатынын айтудан да жалықпайды. Алғашында бұл санатқа Hola News ресурсы кірді, оны Бажкенова Қазақстанның ақпарат нарығындағы ең тәуелсіз ресурс деп атады. Іс жүзінде ол кез келген БАҚ сияқты көп демеушінің: Kaspi, «Сбербанк», ФМҚ, Coca Cola, AlmaU, RAMS, «Магнум», Kcell, ТҚЖБ, Astana Group, Bekmambetov Cinema, The World Bank, ЮНЕСКО көмегімен құрылған.

Енді Гүлнар Бажкенованың ұйғаруынша елдегі ең тәуелсіз БАҚ Orda порталы бола қалды. Бір сұхбатында ол оны тек шындықты жазу және мемлекеттік тапсырысқа тәуелді болмау үшін өз қаражатына жасағанын айтты. Бұған қарамастан, ол сырттан қаржы алды, мысалы, Adal партиясы парламенттік сайлау алдындағы PR-материалдарын дәл осы «тәуелсіз» Orda арқылы жүргізіп, жариялады.

Айдары: Түтін 17.04.2023 92

Қатысты мазмұн