«Еркіндік қанаты» өз бақылаушыларының жеке дерегін интернетке шашып жіберді

none

«Еркіндік қанатының» бақылаушысы болуға ниетті азаматқа қазақстандық және ресейлік нөмірлерден қоңыраулар келіп түсе бастады. Олар Әділет Шайхахметұлы Алдангуровты Қазақстанға қашып келген Ресей Федерациясының азаматтары үшін ақша беруге шақырды. Сондай-ақ, дәстүрлі емес діни ұйымдарға қатысуға шақырулар, түрлі спам-хабарламалар келіп түсті.

Осыдан кейін республикалық референдумда байқауға қатысуға өтініш білдірген кезде «Еркіндік қанаты» қоғамдық қорына өз деректерімен бөліскенін есіне алды. Сондықтан Ә. Шайхахметұлы ұйымның директоры Елена Шевцовамен байланысқа шықты. Ол оған белгісіз адамдардың қоңыраулары мен хабарламалары туралы айтып берді және «ақпарат басқа адамдардың қолына түспеді ме?» деп сұрады.

Е. Швецова өз кезегінде бұл туралы бірінші рет естігенін және деректердің ешкімге берілмегенін, барлық мәліметтер сенімді сақталғанын айтты. Осылайша олар кейінірек хабарласуға уәде берді, бірақ хабарсыз кетті.

Бірақ ақпараттық хабарламалар, спамдар мен қоңыраулар келуін тоқтатпады. Сосын Әділет Алдангуров ақпаратты өзі ізденіп, бақылауға өтініш берген адамдардың жеке мәліметтері бар тізімдерді тапты. Онда ол, әрине, өз фамилиясын да тапты.

Сілтеме қыркүйек айында Facebook-те (пайдаланушы Олжас Асаналиевтен) және Google Drive кестесіндегі басқа платформаларда ашық түрде қолжетімді болды. Қазіргі уақытта оған қолжетімділік жабылды, бірақ Әділет өзін қорғау және бұның бәрін дәлелдеу мақсатында скриншоттар жасады.

text

Ә.Шайхахметұлының айтуынша, сілтемеде аты-жөндерден басқа, бақылаушылардың мекен-жайлары, телефон нөмірлері, пошта және тіпті саяси көзқарастары көрсетілген. Барлығы - 1000 адам. Яғни, қор өз уәделерін орындамады, деректердің сақталуын қамтамасыз ете алмады.

Мамандардың айтуынша, дербес деректердің таралуы қауіпті, себебі бұ жағдайда оның жеке шотынан алаяқтар ақшаны заңсыз шешіп алуы мүмкін.

Сондықтан Шайхахметұлы белгілі құқық қорғаушылар Руслан Дайырбекова мен Елжан Қабышевтің көмегіне жүгінді. Олардың кеңесі бойынша, ол 14 қазанда Дербес деректерді қорғау басқармасына ЦДИАӨМ-не дербес деректердің құпиялығының бұзылуын жою үшін және Елена Швецованы жауапкершілікке тарту үшін шағым түсірді, себебі директор өзінің деректер базасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті болды. Құқық қорғаушылардың айтуынша, бұл Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 79-бабының 3-бөлігінің бұзылуы болып табылады.

Жәбірленуші ЦДИАӨМ-ге өтініш берді, содан соң ұзақ уақыт өткеннен кейін, шыдай алмай 27 қазанда прокуратураға жүгінді.

text

4 қарашада ол басқа зардап шеккен адаммен бірге ЦДИАӨМ-ке барды, бірақ мемлекеттік органдардың қызметкерлері көмектесе алмайтындарын айтты. Шайхахметұлы олардың баптың бөліктерін шатастырып алғанын және оның өз деректерін қорға бермеді деп жауап бергенін айтты.

Барлығын дербес деректері желіге тараған басқа бақылаушылармен сөйлесу арқылы оңай тексеруге болатын еді, бірақ ЦДИАӨМ болса қорды тексере алмайтынын айтты.

text

text

Содан кейін олар Ә. Шайхахметұлына полициядан қоңырау шалып, прокуратураға берген өтініші олардың қолында екенін хабарлайды. Бірақ олар оған ештеңе жасамай, оны азаматтық сотқа жіберетінін айтты.

Сондай-ақ жәбірленушіден бұл тақырыпты қозғамауды және жалпы шу көтермеуді сұраған екен. Ал Шайхахметұлының сұрақтарына жоғарыдан Швецова мен оның қорына тиіспеу жөніндегі нұсқауға сілтеме жасады. Ал бұл кімнің нұсқауы екенін білгісі келген кезде "бұл сізге қатысты емес" деп жауап қайтарған екен.

11 қарашада оған полицияның ресми жауабы келді. Онда олар өтінішті сотқа жібергендерін хабарлады.

text

Қазіргі уақытта бақылаушылардың дербес деректері жөніндегі сілтемелер қолжетімді емес. Бірақ ешкім болашақта ашық қолжетімділікте болған бұл деректердің пайдаланылмайтынына кепілдік бере алмайды.

"S"

Айдары: Түтін 15.11.2022 335

Қатысты мазмұн