Отыз жыл Қазақстанды басқарған Нұрсұлтан Назарбаев билігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырған соң елдегі оппозицияның құрылымы да өзгеріске ұшырады. Билікке жақын жүрген олигархтар саяси өзгерісті таянғанын сезіп, Нұржан Әлтаев секілді экс-шенеуніктерді баптап, алдын ала оппозиция алаңына шығарып жіберген. Оппозиция алаңындағы өзгеріс бірте-бірте екпін ала бастады. Арман Шораев, Динара Егеубаева, Думан Мұхамедкәрім секілді журналистер «Ескі Қазақстанның» қайтадан реванш алатын мезгіліне таяу оппозицияшыл әрекетін күшейтті. Журналистер саясаттанушылар секілді саяси процестерге бейтарап, жай ғана ақпарат таратушы болып және мәселеге сарапшы ретінде қарауы керек еді. Дегенмен, мол қаржыны уысына ұстаған саяси тапсырыс берушілер оларға ондай мүмкіндік бірмеді. Оның үстіне, А.Шораев та, Д.Егеубаева да «Ескі Қазақстанның» «адамдары», олар талай жыл Дариға Назарбаеваның ақпарат құралдарында басшы қызмет атқарды. Мұны да бір кланға байланып қалған тәуелділік тұрғысында қараған жөн.
2002 жылғы Қаңтар оқиғасы бұдан сәл ертерек болуы мүмкін еді. Саяси реванштың мерзімін 2020 жылы басталып екі жылға созылған коронавирус пандемиясы кейінге ысырып жіберген сияқты. Сондықтан болса керек, шетелден Қазақстанға қайта оралған Динара Егеубаева осы мәселені де қозғады. Бұл қазақ қоғамы үшін әлдеқашан ұмыт болған журналистің танымалдығын қайта күшейтті. Осылайша ол «Ескі Қазақстанның» 2022 жылға жоспарлаған саяси реваншына дайын болды.
Бұл жерде Динара Егеубаеваның не істеп, нені бүлдіргенін айтып жатпаймыз. Ол өзінің «әділеттік ақ туын көтерген» белсенді маршына ұлын да пайдаланғанын атап өту көп құпияның бетін ашады. Мәселенің мәні түсінікті болу үшін оның ұлы Адиге қатысты кейбір мәліметті айта кетейік: Ади Рамунасович Жилакаускас Еуроодақтың, дәлдеп айтсақ, Литва Республикасының азаматы. Оның әкесі Рамунас Жилакаускас - кино және театр әртісі, сонымен қатар түрлі тағам дайындай алатын кәсіби аспаз. Қазір ол әртістік өнерді қойып, мейрамхана бизнесіне түбегейлі ауысқан. Оның Вильнюс тұрғындары жақсы көретін «12 стульев» деген кафесі бар, табысты бизнес жасап отыр. Сәйкесінше, бала-шағасының ас та төк өмір сүруіне жағдай жасалған. Солай бола тұрса да, Динара Егеубаева «Ескі Қазақстанның» саяси реваншына қызмет ету үшін елге оралды. Мүмкін, саяси тапсырыс берушілер Егеубаеваға көп қаржы берген шығар, бірақ ол сома соншама тәуекелдің қатер-қаупіне бара-бар ма?! Гәп мынада: саяси тапсырыс алған Динара Егеубаева өзі ғана емес, оң-солын танып қалған ұлын да Қазақстанға ала келді. Ади шетел азаматы болғандықтан, Қазақстанда «уақытша тұрғын» статусымен жүр.
2023 жылдың басында «журналистерден әкемнің кегін қайтармақ болдым» деп, бірнеше журналист пен БАҚ-қа қауіпті шабуыл ұйымдастырған Аркадий Клебановтың әрекеті кезінде Д.Егеубаеваның да көлігі өртенгені белгілі. Тоқаев билігін дәрменсіз етіп көрсету мақсатында ұйымдастырылған осындай саяси арандату кезінде әлдебіреулер көшеде жүрген Адидің шекесіне тапанша тақап қорқытқанын Егеубаеваның өзі жар салып, дабыл қаққан. Әрине, ұлын тапаншамен қорқыту Д.Егеубаеваға қарсы жасалған арандату, бірақ оны кім жасады?! Мұндай қадамға барып отырған реванш аңсап жүрген «ескіқазақстандықтар» екені белгілі. Бұл жердегі мәселе Егеубаеваның соларға қызмет етуінде емес, ол осындай саяси лас әрі қауіп-қатерлі іске өзінің ұлын да араластырып жеберуінде. Егер Ади саяси мақсат көздеген әлгі арандатудың құрбаны болып мерт кетсе, бұл анасы Динара үшін де, әкесі Рамунас үшін де орны толмас қасірет болар еді... Дегенмен, Динара Егеубаева сол қатерлі оқиғадан сабақ алмады, оның ұлы Ади әлі де Қазақстанның «уақытша тұрғыны». Қатерлі оқиғадан кейін Динара ұлын еліне – Литваға, бизнесмен әкесінің қарауына жіберуі керек еді ғой. Егер ұлы анасынан ажырамаймын десе, онда екеуі де Литваға кеткені жөн. Журналист Егеубаеваның да құпия миссиясы әшкере болып қалды, ол орындайтын саяси тапсырыстың әсері бұдан былай бұрынғыдай болмайды. Сонымен қатар, олар Литвада барса, далада қаңғып қалады дейтін емес – онда оларды бизнесмен Рамунас Жилакаускастың үй-жайы күтіп тұр.
«S»