Димаш Құдайберген су тасқынынан зардап шеккендерге 15 млн теңге аударды

none

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмекке өз үлесін қосты. Ол «Демеу Қазақстан» қайырымдылық қорына 15 млн теңге көлемінде қаржылай көмек аударды.

Айта кетейік, бүгін Ақтөбеге әнші Димаш Құдайберген келіп, № 40 орта мектептегі эвакуациялық пунктке барды. Онда тұрғындармен кездесті.

Сонымен бірге гуманитарлық көмек орталығындағы жұмыспен танысты. Мұнда еріктілер күні-түні жұмыс істеп жүр. Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Ләззат Оразбаева әсіресе ГАЗель жүргізушілерінің осындай қысылтаяң кезде жасаған көмегі жайында әңгімелеп берді.

Олар күнделікті аудан-ауданға гуманитарлық көмекті тегін тасымалдайды.

Дереккөз: inform.kz

Айдары: Найзағай 09.04.2024 30

Қатысты мазмұн