«Аманаттың» тарихи жады жоқ

none

Шымкенттің 7-округінен Мәжіліс сайлауына «Аманат» партиясы үміткер еткен Болатбек Нажметдинұлы Алиевтің өмірбаяны өте қызық. Еңбек жолын қаржы-аудит саласында бастап, аяқасты полицей, одан кейін тергеу комитетінде қызмет істеп, екі жылдай «үш әріп» болыпты. Подполковник деген шені бар.

Тура осы тұста Болатбек Алиев қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ол коррупциялық істегі дәлел айғақтарды, атап айтақанда құжаттар мен мөрлерді қасақана жойып жіберіп, тергеуге залалын тигізген. Сондықтан, әлдебіреудің мүддесін көздеген осы қылығы үшін оған «қызметін асыра пайдалану» бабымен айып тағылып 3 жылға сотталған. Ол Жоғарғы сотқа дейін арызданған, бірақ Жоғарғы сот аудандық соттың шешімін өзгеріссіз қалдырған.

Мұндай адамның мемлекеттік қызмет түгілі фирма басқаруына жол берілмеу керек еді. Дегенмен, Болатбек Алиев 2003 жылы Шымкенттегі «Агромашсервис» деп аталатын үлкен кәсіпорынның директоры болып шыға келді. Ал 2006 жылы бүткіл Шымкент қаласының жолаушылар көлігі мен басқа да арнайы техникалық қызмет көрсететін фирмасына басшы болды. Бұл кезең аймақтағы бизнес құрылымдарды өзіне бағындырған Өмірзақ Шөкеевтің дәуірлеген тұсы еді. Өмірзақ Шөкеев те Шымкенттегі мафия жөнінде жазылған «Ордалы жылан» атты кітаптың басты кейіпкері. Сондықтан, бұрын сотты болған Болатбек Алиев ОҚО-ның жолаушылар көлігі мен жолдар басқармасының тізгінін ұстады. Асқар Мырзахметов ОҚО-ға әкім болып келгенде Шөкеевтің бизнестегі құпия әріптесінің мұрты қисайған жоқ, Болатбек Әлиев ОҚО әкімінің орынбасары болып шыға келді. Ол құрылыс, жол салу, жолаушылар тасымалы секілді сүбелі тендерлерді, бюджеттің қыруар қаржысын өздерінің бизнес құрылымдарына қарай бұрды. Өкінішке орай, Шымкент қаласының ішіндегі жолдар шұрық тесік күйінше қалды. Батыс Қытай-Шығыс Еуропа тас жолының ОҚО-ға тиеселі учаскесі бірнше жыл салынбай жатты.

Осы тұста «Нұр Отан» партиясының жанынан республикалық деңгейдегі антикоррупциялық комиссия құрылған. Комиссия төрағасы Оралбай Әбдікәрімов бұрын сотталған Болатбек Алиевтің облыс әкімінің орынбасары болып жұмыс істеп жүрген біліп қойып, биік мінберден мәселе көтерген. «Коррупция бойынша сотталған азаматтарға мемлекеттік органның есігі жабық. Олай болса, Болатбек Алиев секілді адамдар неге шенеунік болып жүр?!» деп айқайға басты. Бірақ, оның сөзін Шөкеев-Мырзахметов тобы құлағына қыстырған емес. «Мың асқанға бір тосқан» деген, 2013 жылы ОҚО мәслихаты депутаттарының арыздануынан кейін коррупцияға қарсы іс-қимыл агенттігі тексеру жүргізіп, тендер бөлу бойынша пара алған шенеуніктерді ұстады. Қылмыстық істің бір ұшы әкімнің орынбасары Болатбек Алиевке барып тірелді. Осы антикоррупциялық шараның барысында Болатбек Алиев ОҚО әкімдігінен қуылды. Осындай өмірбаяны күмәнді адамды «Аманат» партиясы үкілеп бірмандатты округтен сайлауға қосып отыр. Мұнда қандай гәп бар?

Қазіргі «Аманаттың» сықпытана қарасақ, партия тұтас емес, аямақтық филиалдары жергілікті жасырын олигархтардың ықпалынына шыға аламай отыр. Болатбек Әлиевті де дербес һәм тәуелсіз кәсіпкер деп айтуға болмайды. Ол «Ескі Қазақстан» тұсында дәуірлеген Шөкеев-Мырзахметов тобының өңірдегі бизнес мүддесін күйттеп, саясатқа қайта бет алды. Оны «Аманаттың» бірмандатты округтегі тізіміне қосып жіберген де жасырын олигархтардың осы тобы. Олар Болатбек Нажметдинұлы Алиев секілді күмәнді адамды саясатқа қосу арқылы «Аманаттың» абырайын ойлап отырған жоқ. Есіл-дерті - аймақтағы бизнес активтерін, мемлекеттің бюджетін сорып отырған псевдо кәсіпорындарын қорғап, байлығын сақтап қалу. Шымкентте болып жатқан бұл оқиғаның салдары «Аманат» партиясы үшін ауыр болады. Қалайда Болатбек Нажметдинұлын Мәжіліс депутаты қыламыз деген позицияға қисайып жатып алған «Аманат» «мүйіз сұраймын деп құлағынан айырылған» тоқал ешкінің кебін киюі мүмкін. Өйткені, Болатбек Нажметдинұлы Алиевтің кесірінсіз-ақ шымкенттіктердің «Аманатқа» деген сенімі азайып барады.

Oraz Alimbekov,

Faceboоk парақшасынан алынды

Айдары: Түтін 09.03.2023 126

Қатысты мазмұн