Ақша қазақ оппозициясының абыройын айрандай төкті

none

Жақиянов пен Тоқтасынов Моңғолиядағы көтеріліске себепші болды ма?

"Мақтаған қыз..." демекші, Ғалымжан Жақиянов өзінің жан досы Төлен Тоқтасыновты бір емес, екі сотқа беріпті. Екі дос Моңғолиядан Қытайға руда сатып бизнес жасаған. Енді сол бизнеске таласып жатыр. Моңғол билігімен ауызжаласып, солардан қолдау күткен Жақиянов Тоқтасыновты сол елдің сотына берген. Төлен Қазақстанға тайып тұрған соң Жақиянов осы жерге қуалап келіп тағы да сотқа беріп жатыр. Тоқаев режимін оң қабақ танытқан "оппозицияшыл" Жақиянов Жаңа Қазақстанның сотынан да үміт күтеді. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін Құдай білед... Мұнда қызық бір жағдай бар.

Жақиянов оппозицияшыл журналист Гүлжан Ерғалиеваның бір миллион долларын қарызға алып бермей кеткенде оппозицияның іші қатты дүрліккен. Осы дау туындағанда Гүлжанның оппозициядағы жан құрбысы Зәуреш Батталова өзін саясатқа (сенатқа) жетектеп алып келген Жақияновты қолдады. Батталова секілді Тоқтасыновты саясатқа (парламентке) тартқан да Жақиянов болатын. Міне, үш достың екеуі енді ақшаға (дүниеге) таласып, төбеттердей ырылдасып жатыр. Бұл жерде "мен соғысқа қарсымын" деген екі ұшты сөз айтуға болмас. Зәуреш кімнің жағына шығатынын анықтауға мәжбүр. Менің ойымша, Батталова жан құрбысын "сатып" кеткендей тағы да Жақияновты қолдап шығады...

Мұнда Қазақстанды халықаралық дауға тартатын бір жағдай бар. Естеріңізде шығар, монғол халқы жер асты байлығын Қытайға сату бойынша жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа қарсы көтеріліс жасады. Олар монғол билігінің айыптап наразылық танытып жатыр. Монғолияның байлығын талан-таражға салуға жоғарыда аты аталған екі бизнесменнің қатысы болу мүмкін. Себебі Жақиянов Үрімші қаласында руда қорытатын зауыт ашқан. Ерғалиеваның бір миллионын сол зауытқа инвестиция ретінде салып жоқ қылған. Ал Тоқтасынов Үрімшідегі зауытқа Монғолиядан руда, көмір жеткізіп тұрған. Егер монғол халқы сатқын шенеуніктерін жазалайтын болса, таяқты екінші ұшы Тоқтасынов пен Жақияновқа тиюі мүмкін бе? Мұндай жағдайда Қазақстанның халқарадағы беделі тағы да төмендейді ме? Моңғолдар Жақиянов пен Тоқтасыныовтың қылығы үшін қазақтарды жек көріп кетпей ме?

Айдары: Текемет 04.01.2023 117

Қатысты мазмұн