Аққуды ұстап суретке түскен адам іздестірілуде

none

Әлеуметтік желіде белгісіз ер адамның аққу құсты ұстап түскен суреті тарады. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мамандары суретке қатысты анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аққу құстың суреттегі түрі Қызыл кітапқа енген - сұңқылдақ аққу (Cygnus cygnus, лебедь-кликун).

text

Сұңқылдақ аққу Қазақстанның солтүстік бөлігінде және оңтүстік қарай Торғай мен Балқаш-Алакөл ойпатының төменгі ағысына дейінгі аумақта ұя салады; кейде Іле мен Лепсі атырауларында, Сасықкөл, Марқакөл көлдерінде кездеседі. Орталық Тянь-Шаньдағы Теке су қоймасы аумағында да оқшауланып ұялайды. Құс миграциясы кезінде Қазақстанның бүкіл жазық жерінің үстімен ұшады. Солтүстік Каспийде, кейде Түркістан мен Шымкенттің оңтүстігінде қыстайды.

Қазақстанның Қызыл кітабындағы мәлімет бойынша сұңқылдақ аққу, жойылып бара жатқан жануарлардың 2-санатына жатады. Антропогендік әсерге өте осал, саны азайып бара жатқан түр саналады. Оны аулауға тыйым салынған.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 316-бабы бойынша (Жануарларға қатыгездiк жасау):

  1. Жануарларға олардың өлуiне немесе мертiгуiне әкеп соққан қатыгездiк жасау, егер бұл іс-әрекет бұзақылық ниетпен немесе садистік әдiстерді қолдана отырып немесе жас балалардың көз алдында жасалса, – бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

  2. Адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған немесе бiрнеше мәрте жасалған дәл сол іс-әрекет – екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Қазір бұл іспен құқық қорғау органдарының қызметкерлері шұғылданып жатыр.

Айдары: Текемет 08.11.2021 202

Қатысты мазмұн