Тик-ток Тұрарбек тәңіршілерді сатып кетті

none

Қазақстандық заманауи тәңіршілердің лидері Тұрарбек Құсайынов Нұһизмнің (Ноахизм) уағыз-насихатына шатылды.Сол арқылы ол иудаизм наным-сенім қабылдайды. Тәңіршілердің ішіндегі құпия дереккөз Тұрарбектің Бұқар еврейінің қызына үйленген соң «бұзылғанын» өкінішпен хабарлады. Дереккөздің айтуынша, Тұрарбек еврейлердің «Бней Ноах» атты халықаралық діни-насихат ұйымына өтініш хат тастап, иудаизмге басқа ұлт өкілінің өту шарттарының бәрін орындағаны жөнінде анкета толтырыпты. Ал мен мұның рас яки өтірігін біле алмай отырмын – Тұрарбек телефон құлағын көтермей жатыр.

Екі ұлт өкілінің некесі жөнінде мен «Тік-ток тәңірші шетелден келіншек әкеле жатыр» деген постымда жазғанмын. Ол кезде тәңірші Тұрабектің еврей қызға үйленгенін екі жастың арасындағы ыстық махаббат ретінде қарастырдым. Сөйтсем, дереккөз айтқандай, оның ойы шынымен нілдей «бұзылып» жүр екен.

Осы тұста Нұһизм туралы айта кетейін. Жұрт «иудаизм – бір ғана ұлттың діні, ол - еврейлерге ғана тән» деп қате ойлайды. Шындығында, яһудилер де иудаизмді басқа да ұлттарға тарату үшін мұсылман молдалар мен христиан поптары секілді уағыз жүргізген. Перғауындардың, одан берідегі Рим империясының қатты қысымынан кейін еврейлердің жұртқа діни уағыз айтуы қатты шектелді, тіпті басқа ұлттар мен ұлыстарға уағыз айту ауыр қылмыс ретінде қарастырылған. Одан кейін еврейлерді Еуропадан шыққан диктатор Гитлер қатты қысқанын тарихтан білеміз.

Кейінгі жылдары еркінси бастаған яһудилер ұмытыла бастаған сол діни дәстүрін қайта жаңғыртыпты, еврейден басқа ұлттарды да иудаизмге тартуды бастады. Бұл бағыт Нұһизм (орысша – Ноахизм) деп аталады. Осы бағыт бойынша арнайы ұйым құрылған. Ұйымның 7 талабына сай келген кез-келген ұлт өкілі яһуди деп есептеледі. Тұрарбек Құсайынов та Нұһизм арқылы яһуди болып кетуге шақ қалып тұр...

(Ораз Әлімбековтің әлеуметтік желідегі жазбасы)

Айдары: Бақ-бақ 25.01.2024 171

Қатысты мазмұн