Саудия: қазақтар қаңғып қалды, Бас мүфти шай ішіп отыр

none

Сауд Арабиясында тағдыр тәлкегіне түскен 120 қазақ автобуста қамалып, әжетханаға да бара алмай пұшайман халге тап болған кезде Бас мүфти Наурызбай Өтпенов қалы кілем үстінде шөлін басып рахаттанып шәй ішіп отырды (видеоны қараңыздар). «Тоқ бала аш баланы ойламайды» деген осы...

Осы видеоны жіберген Саудиядағы дереккөздің айтуынша, ҚМДБ басшылары қазақстандық қарапайым қажылардың жағдайын қиындатып жіберген. Минадағы әрқайсысы 90 адамға арналған шатырды Бас мүфти бастаған бес-алты адам иемденіп, өздері ғана жайлап алған. Қарапайым басқа қажылармен иық тірестіріп бірге жатуға дінбасылардың патша көңілі жібермеген секілді. Квота бойынша есептеліп тігілген шатырларда орын жетпей қалғандықтан ондаған қазақстандық қажы Мұздалифадағы құмды шаңдақтың үстінде төсенішсіз жатқан (қажыларға арналған шатырдың қандай болатын коммент алаңындағы видеодан көріңіздер https://www.facebook.com/oraz.alimbekov).

Саудиядағы дереккөздің хабарлауынша, қажылыққа адам алып баратын қазақстандық туристік фирманың жетекшісі кенеттен қайтыс болған. Оның қан қысымы көтеріліп, жүрек талмасына ұшыраған дейтін болжам айтылады. «Оның қалай өлгенін тексеріп жатырмыз» деді дереккөз. Бұл қайғылы оқиға рас болса, онда ҚМДБ биылғы қажылықты да дұрыс ұйымдастыра алмады, молдалар өздерін қамын ғана күйттеді деп айта аламыз...

Ораз Әлімбеков

(материал Фейсбук парақшасынан алынды)

Айдары: Текемет 01.07.2023 78

Қатысты мазмұн