Бишімбаевтың ісі бойынша сот тергеуі аяқталды

none

24 сәуірде судья Айжан Құлбаева Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот тергеулерінің аяқталғанын жариялады. Мұның алдында ол айыпталушылардан өздеріне тағылған айыптар бойынша ұстанымдары өзгерген-өзгермегенін сұрады.

"Азаптау бойынша маған тағылған кінәні мойындамаймын. Екінші эпизод бойынша маған қасақана қатыгездікпен кісі өлтірді деген айып тағылды, мен Нүкенованы өлімші етіп ұрып-соққанымды мойындаймын, бірақ мен мұны қасақана жасаған жоқпын", - деді Қуандық Бишімбаев.

Судья: "Абайсызда адам өліміне әкеліп соқтырған дене жарақаттарын келтіру бойынша кінәмді мойындаймын дейсіз ғой" деп оған нақтылап сұрақ қойды. Бишімбаев мұны растады.

Екінші сотталушы - оның немере ағасы Бақытжан Байжанов кінәсін толық мойындамады.

"Қылмысты жасыру дегенді мойындамаймын. Қылмыс туралы хабарламауға келетін болсақ, мен қалай білдім, солай бірден "жедел жәрдем" шақырдым. Сондықтан мұны да мойындамаймын. Менің кінәм бар: көмекті ертерек шақыруым керек еді", - деді ол.

Сотталушылардың сөзінен кейін судья: "Олай болса, сот тергеулері аяқталды деп жарияланады. ҚР ҚІЖК 383-бабының талабы бойынша сот тараптарға 2024 жылғы 29 сәуірге дейін сот жарыссөздеріне дайындалу үшін уақыт береді. 29-ы күні сот отырысы жалғасады және жарыссөз басталады", - деп мәлімдеді Құлбаева.

Аталған қылмысты іс бойынша 27 наурыздан бастап 17 сот отырысы өтті.

"Жарыссөз 29, 30 сәуірде, 2, 3 мамырда және уақыт жеткіліксіз болып жатса, 4 мамырда да болады. Бірақ бәріне үлегереміз деп ойлаймын", - деді судья.

24 сәуірде сот отырысында көріпкелден жауап алынды, оның айғақтары сотталушылар Бишімбаев пен Байжановтың келтірген айғақтарынан басқаша болып шықты. Сонымен қатар, сотта отбасының үй қызметкері сөз сөйледі.

Дереккөз: Zakon.kz

Айдары: Найзағай 24.04.2024 27

Қатысты мазмұн