Санжар Керімбайдың балаларға «зікір» салдыруы заңды ма?

Loading...
Қожа Ахмет Яссауидің атын жамылған «Исматулла тариқатының» белді мүшесі болған Санжар Керімбай сопылық діни ағымның уағызын жалғастырып жатыр. Енді ол кәмелет жасына толмаған балаларды жинап алып, басын бұлғақтатып зікір салдыруға көшті. Оның бұл әрекетінің заңға қайшы бірнеше тұсы бар. Біріншіден, кәмелет жасына толмаған балаларға қандай да бір дінді мәжбүрлі түрде таңуға болмайды, балалардың діни рәсімге қатысуы олардың ата-анасының рұқсатымен ғана мүмкін. Сондай-ақ, діни рәсімдер мен жоралғылар арнайы белгіленген орындарда өткізілуі тиіс. Өзін тариқат пірі санаған сыңай танытып жүрген Санжар Керімбай әлі ақыл тоқтатпаған, буыны қатпаған жас балаларды үйіне жинап алып зікір салдырып қойыпты.
22.02.2019 208

Қатысты мазмұн