Біздің қоғамда әлдебір мүдде көздеген белсенділер бар. Олар былайғы жұрттың алдында Рим папасынан да әулие болып көрінгісі келеді. Шындығында, олардың бұл ісі әлдебір оқиғалар ағымында көптеп хайп жинап алуды көздейтін арандатушылық қана. Олар жөнінде халық даналығы «жығылып жатып, сүрінгенге күліпті» деп айтылады. Солардың бірі - өзін «көп балалы аналардың қорғаушысы» деп атап жүрген «журналист әрі қоғам қайраткері» Сәуле Әбединова.

Әбединованың осы бағыттағы белсенді әрекеті осы жылдың ақпан айында Астанадағы өртке оранған үйде қайтыс болған бес баланың қайғылы оқиғасынан басталды. Естеріңізде болса, балаларын үйінде қамап кеткен олардың ата-анасы түнгі жұмысқа шығып кеткен еді. Осы трагедиядан кейін елімізде көп балалы аналар өздеріне берілетін әлеуметтік көмектің көлемін қайта қарауды талап етіп наразылық білдірген. Осы себеппен Алматы әкімдігіне келген аналарға жолдан қосылған Әбединова солардың лидері болып алды. Шындығына келсек, ол көп балалы ана емес – есейіп кеткен екі баласы ғана бар әйел. Әрине, оның жағдайы қандай да бір әлеуметтік топтың мүддесін қорғау құқығынан айырмайды. Бірақ оның жеке ісінің моральға сәйкеспейтін тұсы бар...

Егер бұрынғы бір оқиғаларды еске алсақ, Сәуле Әбединованы ана деп айтуға тіл бармайды, ондайларға халық «көкек» деген атау берген. Рас, ол - екі баланың шешесі, бірақ ол балаларын бағып-қаққан жоқ, Әбединова ханымның балаларын мемлекет тәрбиеледі. 1996 жылы ол он айлық қызын «Үміт үйі» деп аталатын балалар үйіне өткізіп жіберді. Қыз бала онда жеті жыл өмір сүрді. Мектеп жасына жеткен соң да қыз бала отбасына оралған жоқ. Шешесі оны № 17 мектеп-интернатқа орналастырды. Әбединова өзінің үлкен ұлына да сондай «қамқорлық» жасады. Ол да 2006 жылға дейін қарындасымен бірге интернатта жатып оқыды. Осы фактінің бәрін Әбединова жұрттан жасырғысы келеді де тұрады. Бірақ, фактінің аты – факт, бұған балалар үйі мен интернаттың мұрағатындағы құжаттар куә.

Саналы өмірін жырақтағы интернатта өткізген ұл бала отбасына оралған соң шешесімен көптеген мәселе бойынша келісе алмады. Отбасының жағдайынан хабардар адамдардың айтуынша, Әбединова ұлының мемлекеттік қызметке барғанын талап етті, ол бұған қарсы болып, екеуінің арасында кикілжің туды. Шешесі полиция шақырып, соның арызы бойынша ұлы полиция учаскесіне жеткізіледі. Осы оқиғадан кейін шешесіне әбден ренжіген ұлы бұдан кейін үйіне оралудан үзілді-кесілді бас тартып қатты ашуланады. Мұның соңы қайғылы оқиғаға ұласады: жас жігіт көпқабатты үйдің кіреберісінде асылып қайтыс болды...

Отбасын асырып, тәрбие беруге мүмкіндігі бола тұра балаларын интернаттар мен балалар үйіне беріп қоятын әйелдің көп балалы әйелдердің мүддесінің қорғаушысы сияқты белсеніп кетуіне моральдық қақы бар ма? Себебі, Әбединова ондай қиыншылықты өз басынан өткерген жоқ қой... Әрине, бұл риторикалық сұрақ болып қала береді.

P.S. Сәуле Әбединова «барлығына» және «барлық нәрсеге» қарсы адамның кейпін жасап алаған. Мысалы, осыдан жеті жыл бұрын, 2012 жылы ұлтшыл-патриотизм дүрмегіне еліккен ол шетелдік БАҚ-тың ақпарат айдынындағы үстемдігіне қарсы шықты да, қазақтілді «Ақжүніс-Астана» журналын құрды. Бұл журналда «көшірме материалдар болмайды, тек қазақ мәдениетіне қатысты түпнұсқа мақалалар басылады» деп мәлімдеген. Бірақ оның бұл мәлімдемесінің мәні болмады. Басылымның тұсаукесерінде жұртқа ұсынылған журналдың алғашқы нөмірінде-ақ өзге БАҚ-тардан алынған көшірме материалдар қаптап кетті. Тіпті онда түпнұсқа материалға сілтемеде берілмеді. Бұл жай ғана Сәуле Әбединованың моральдық тазалығының деңгейін көрсететін кішігірім кескіндеме ғана.

«S»