Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "Ағайынды төртеу" қылмыстық тобының жетекшісі Еркін Ізбасарға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.

Соттың шешімімен Еркін Ізбасар 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, оның қылмыстық жолмен иеленген мүлкі тәркіленетін болды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Еске сала кетейік, "Ағайынды төртеу" қылмыстық тобының мүшелері 2016 жылдың желтоқсанында ұсталған болатын. Ал кейінірек мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың жетекшісі Ақтөбеге ҰҚК ұшағымен жеткізілген болатын. Ізбасаровтің аймақтағы жат ағымның жетегінде кеткен жігіттерді өз пайдасына жұмсап отырғаны белгілі болған еді.

Осы атышулы іс бойынша бірінші сот отырысы 5 желтоқсанда өткен болатын. Сот алдында 26 адам келді, оның ішінде Ақтөбе қалалық ІІД басшысының бұрынғы орынбасары Рахат Аханов бар.