Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа қамауға алынды. Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында растады.

"Санкция бар. Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты тергеу жүргізіп отырған органның Шкарупа Анатолий Валерьевичті 2019 жылдың 16 қаңтарына дейін екі айға қамауға алу түріндегі өтінішін қанағаттандырды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Санкция 18 қарашада шыққаны хабарланып отыр.

Еске сала кетейік, Қазақстанның бас прокуроры Қайрат Қожамжаров энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаны ақша жымқырды деп айыптаған болатын.

"Таяуда тағайындалған вице-министр Анатолий Шкарупаға заң тұрғысынан қатаң айып бар, Саран қаласының бұрынғы әкімі (Қарағанды облысы - авт.). Оның 2015 жылы орталық жылытуы жоқ Саран қаласына есептеу құрылғысын бекітуге бөлінген 215 миллион теңгені жымқыруға қатысы бар", - деген еді Қожамжаров Ақордадағы Қауіпсіздік кеңесі отырысында.

Анатолий Шкарупа 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1998 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын "отын-энергетика кешені саласындағы экономика және менеджмент, инженер-экономист" мамандығы бойынша, 2016 жылы "Қазақ гуманитарлық-заң университетінің" "құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдады.