27 ақпанда Шымкент қалалық Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен «Қалыптастырушы бағалау – тиімді оқытудың негізі» атты қалалық семинар болып өтті. Семинарды мектеп-гимназия директоры Г.Сандыбаева салтанатты түрде ашып, семинарға қатысушыларға алғыс білдірді. Шарада жаңартылған білім беру аясында сапалы білім беру жолдары, әдіс-тәсілдерімен тірек мектеп ретінде өзге қалалық мектеп оқытушыларымен бөлісіп, қолдау көрсетті.

Сонымен қатар,

  • оқыту үшін бағалау және бағалау теориясын сабақта қолдану;

  • мектептерде оқыту сапасын жоғарылату, мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру;

  • сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету жолдарын көрсету тәсілдерін серіктес мектеп оқытушыларына кеңінен таныстырып өтті.

«Қалыптастырушы бағалауды сабақта қолданудың тиімділігі» коучингін химия пәні мұғалімі Р. Ноғаева, мектеп тренері Ж. Абдикулова өз деңгейінде өтті. «Кері байланыс – сабақтағы маңызды үдерістің бірі» сабағын мектеп тренері Б.Салыбекова өз нақышына келтірді.

Келген қатысушылар, қонақтар риза болып мектеп асханасында ұйымдастырылған кофе-брейктен дәм татты.

Семинар соңында ашық тәрбие сағаттары мен танымдық сабақ көрсеткен ұстаздар білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.

Бану Алимбекова,
Ж. Аймауытов атындағы № 64 мектеп-гимназиясы
технология пәнінің І деңгейлі мұғалімі,
мектеп тренері

Шымкент қаласы