Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының "Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді" деген сөзін келтірді.

Бұл туралы Мемлекет басшысы мұғалімдердің тамыз конференциясында айтты.

"Елбасы "Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді" деп өте өнегелі ой айтты. Сондықтан, ағылшын тілін оқытуды 2-3-сыныптан немесе 5-сыныптан бастау орынды әрі тиімді болады деп санаймын", - делінген Ақорда твитінде.

Айта кетейік, ұстаздардың биылғы алқалы жиынына алғаш рет Мемлекет басшысы қатысты. Жылда жер-жерден келетін мұғалімдердің саны 500 болса, биыл 2000-нан асады.

tengrinews.kz