Алматы облысында 28 жастағы ер адамның өліміне себепкер болды деген күдікпен халық емшісі қамауға алынды, - деп хабарлайды тілшісі облыстық полиция департаменті. Оқиға 12 қаңтарда Қарасай ауданында болған. Мәйіт марқұмның үйінен табылды.

Өлген адамға жасалаған сот-медициналық тексеру нәтижесінде кеуде қуысының тұйық жарақаты, қабырғаларының сынуы мен өкпенің жарақаттануы ер азаматтың өліміне себепкер болғаны анықталған. Жәбірленушіге түрлі ауыр дене жарақатын салу барысында оның өліміне қатысы бар деген күдікпен полиция халық емшісінің үстінен қылмыстық іс қозғады.

"Полицияға қайтыс болған азаматтың туыстарынан әлі күнге арыз түскен жоқ. Алайда бұл дерек бойынша РҚ Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істе күдікті ретінде дәстүрлі емес медицина қызметімен айналысатын 63 жастағы ер адам айыпталып жатыр" деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Халық емшісіне жәбірленушіні оның туыстары алып келген. Олардың ойынша, жас жігітке «жын кірген» және ол соңғы үш жыл ішінде сол «жынның кесірінен қиындық көріп қиналып жүріпті. Халық емшісі 5 күн бойы түрлі әдістер қолдану арқылы жігіттің «жынын» шығармақшы болыпты. Соның салдары өлімге ұласты деген болжам айтылады.

Бұл істі Қарасай ауданы полициясы тергеп-тексеріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.