Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері бойынша ё, ц, щ, э, ю, я, ь, ъ әріптері қалай жазылады? ҚазАқпарат «Egemen Qazaqstan» басылымында жарияланған емле негізінде аталған әріптердің жазылуын жеке мысалдармен оқырманға ұсынады.

«Ё» әрпі о́ әрпімен таңбаланып, қосымша соңғы буынның үндесіміне сәйкес жалғанады: manо́vr (-diń, -i, -ge, -ler), brýselо́z (-diń, -i, -ge, -der), aktór (-diń, -i, -ge, -ler), amóba (-nyń, -ny, -ǵa, -lar), dırıjо́r (-diń, -i, -ge, -ler), rejısо́r (-diń, -i, -ge, -ler).

«Ц» әрпі және сц әріп тіркесі s әрпі арқылы жазылады: sırk, sement; desımetr, proporsıonal, kvars, korporasıa, senarı, abses, plebısıt.

«Щ» әрпі sһ әрпімен жазылады: ýchılıshe, praporshık, borsh, shı (тағам).

«Э» әрпі е әрпімен жазылады: element, elevator, poetıka, koefısent.

«Ю» әрпі ú әрпімен жазылады: parashút, absolút, glúkoza, debút, prodúser, lúks, valúta, búdjet, búro, sújet, búleten, fúchers, kompúter, tútor, konúktýra, konúktıvıt. Қосымшалар соңғы буынның үндесіміне сәйкес жалғанады.

«Я» әрпі а́ әрпімен жазылады: zarа́d, knáz, narád, razrád, grıláj. Қосымша §16 бойынша жалғанады. Е с к е р т у. и (ı) әрпінен кейін тұрған я-ның орнына а жазылады: aksıa, alergıa, hımıa, gımnazıa.

Жіңішкелік белгісі (ь) бар буынға жіңішке дауыстылардың әрпі жазылады. Қосымшалар түбірдің соңғы буынына үндесіп жалғанады: аlkogól (-diń, -i, -ge, -der), аnsámbl (-diń, -i, -ge, -der), asfált (-tiń, -i, -qa, -ta), álbatros (-tyń, -y, -qa, -tar), álbom (-nyń, -y, -ǵa, -dar), álfa (-nyń, -ǵa), álmanah (-tyń, -y, -qa, -tar), álpınıs (-tiń, -i, -ke, -ter), ált (-tiń, -i, -ke), álternatıv (-tiń, -i, -ke, -ter), áltron (-nyń, -y, -ǵa, -dar), bálzam (-nyń, -y, -ǵa, -dar), batalón (-niń, -i, -ge, -der), búldog (-tyń, -y, -qa, -tar), búldozer (-diń, -i, -ge, -ler), dúbl (-diń, -i, -ge, -der), gólf (-tiń, -i, -ke, -ter), gаstról (-diń, -i, -ge, -der), kúlt (-tiń, -i, -ke), kоbált (-tiń, -i, -qa, -tar), kоról (-diń, -i, -ge, -der), medalón (-niń, -i, -ge, -der), múltfılm (-niń, -i, -ge, -der), ós (-tiń, -i, -ke, -ter), pálma (-nyń, -sy, -ǵa, -lar), parо́l (-diń, -i, -ge, -der), púlt (-tiń, -i, -ke, -ter), roıál (-diń, -i, -ǵa, -dаr), rúbl (-diń, -i, -ge, -der), sırkúl (-diń, -i, -ge, -der), váls (-tiń, -i, -ke, -ter), vestıbúl (-diń, -i, -ge, -der), vólfram (-nyń, -y, -ǵa, -dar), vólt (-tiń, -i, -ke), fakúltet (-tiń, -i, -ke, -ter), festıvál (-diń, -i, -ǵa, -dаr), fólklor (-dyń, -y, -ǵa, -lar).

Е с к е р т у. жіңішкелік белгісі (ь) тұрған буында e, ı әріптері болса, бұл белгі ескерілмейді: akvarel (-diń, -i, -ge, -der), artıkl (-diń, -i, -ge, -der), atele (-niń, -si, -ge, -ler), barelef (-tiń, -i, -ke, -ter), barer (-diń, -i, -ge, -ler), gelmınt (-tiń, -i, -ke, -ter), kegl (-diń, -i, -ge, -der), kelt (-tiń, -i, -ke, -ter), lager (-diń, -i, -ge, -ler), premer (-diń, -i, -ge, -ler), premera (-nyń, -ǵa, -lar), relef (-tiń, -i, -ke, -ter), shıfoner (-diń, -i, -ge, -ler), stil (-diń, -i, -ge, -der), fılm (-niń, -i, -ge, -der).

Айыру белгісі (ъ) ескерілмей жазылады, қосымшалар соңғы буын үндесіміне сәйкес жалғанады: sýbekt, оbekt, feldeger, adektıv.

Еске сала кетсек, «Egemen Qazaqstan» басылымында жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері жарияланған болатын.

Автор: Аян Бекенұлы