Әз-Наурызды республикада бірінші болып Шымкент қаласында тойлау басталды. Әл-Фараби ауданына қарасты Қошқар ата өзенінің бойында «Саиль Қошқар ата» көктем мерекесі атты театрландырылған қойылым сағат 10-да басталды.

Наурыз мейрамында өнерпаздар концерт қойылып, ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін әрі қазіргі заман өнерімен үйлесетін көрмелер ұйымдастырылды. Балалар арасында қазақша күрестен жарыс өтті.

Қошқар ата өзенінің бойындағы мейрамның ең қызықты қойылымы - қошқар көтеру. Мерекелік іс-шараға 30-ға жуық таңдаулы қошқар әкелінді. Қошқарлардың салмағы 70 килограммнан басталып 172-ке барып жығылады.

Мейрамға облыс әкімі мен мәслихат депутаттары және арнайы шақырылған қонақтар қатысты.