Нью-Йорк тұрғыны ішінде 10 мың доллары болған сөмкені жоғалтып алған қазақстандық Айя Төлемағанбетоваға ақшасын қайтарды, - деп хабарлайды CBS New York.

Қазақстандық әйел сөмкесін желтоқсанда метрода жоғалтып алған екен. Басылымның мәліметінше, әйел ол ақшаға балаларына жаңажылдық сыйлықтар алмақшы болған. Нью-Йорк тұрғыны сөмкені метродағы платформалардың бірінен тауып, оның иесін іздестіре бастаған. Сөйтіп ол қазақстандық әйелді 10 қаңтарда бір-ақ тапты.

"Ричард - өте адал адам, ол менің Америка Құрама Штаттарындағы адамдардың өмірі жайлы түсінігімді өзгертіп жіберді", - дейді сөмкенің иесі Тулемағанбетова.

Қазақстандық әйел ондағы мың доллар ақшаны балаларға қайырымдылыққа жұмсаса, Ричард Тавернге "Алтын адамның" мүсіншесін сыйлады.

Tengrinews.kz