Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев той жасаудағы ысырапшылдыққа қатысты ойын білдірді.

Тоқаев бұл жөнінде Twitter парақшасында: "Үйлену және басқа да тойларға деген көзқарасымызды өзгертіп, оларды жаңа үлгіде өткізу туралы БАҚ-та жүріп жатқан пікірталастарды қолдаймын. Көзбояушылық,даңғазалық, ысырапшылдыққа белшеден батпай, бауырлас өзбек, түрік, түрікмен xалықтары сияқты ұлттық дәстүрге қарай ойысу қажет", - деп жазды.