Қазақ ұлтшылы Нағашыбай Есмырза шетелде қашып жүрген Мұхтар Әбілязовтің оппозицияшыл әрекетінен түк шықпайтынын айтады. Оның ойынша, қазақ ұлты қазір ең үлкен саяси күш. Соған арқа сүйеп, қазақ мүддесін күйттеп, қазақша сөйлемейінше, Әбілязов қолдаушы таппайды. Ал ол болса, әлеуметтік желіде орыс тілінде жазба жариялап, айдалаға ұрандап жүр.

Қашқын банкир Мұхтар Әбілязов басқарып жүрген «ДВК» Қазақстанда сот шешімімен экстремистік ұйым деп танылып, қызметіне тыйым салынған. Сондықтан болса керек, әбілязовшілер әлеуметтік желіде насихат жасай бастаса, интернет баяулап қалып, жұрт әбігерге түседі. Нағашыбай Есмырзаның пікірінше, мұның бәрі Әбілязовтің кесірі, әлеуметтік желі қолданушылар да солай ойлайды. Осыған Нағашыбай Есмырза видео үндеу жариялады.