Интернет пен әлеуметтік желілер қазіргі қоғам үшін есірткіге айналды. Виртуал байланыс әсіресе балалар үшін үлкен қауіп тудырып отыр. ҚР ПІБ медициналық орталығы ауруханасының психологы Ләйлә Өтениязова Tengrinews.kz тілшісіне ата-аналар дер кезінде алаңдаушылық танытпаса, өскелең ұрпақты қандай қиындықтар күтіп тұрғанын айтып берді. Маманның пікірінше, Интернет пен әлеуметтік желілер зорлық-зомбылық пен порнографиялық сипаттағы материалдардың ашықтығымен қауіпті.

"Интернетте бала педофилдер, алаяқтармен хабарласпайтынына кепіл жоқ. Ал педофилдердің виртуалдан шынайы өмірге шығып тұратынын ұмытпау керек. Әлеуметтік желілер - өздігінше бір есірткі. Қазір балалардың көбі Интернетсіз, ұялы телефонсыз қалса, жабырқау, енжар және ештеңеге қызықпайтынын көреміз. Бұл болашақта үлкен қиындықтарға әкеп соғады", - дейді маман.

Психолог интернет пен виртуал шындық бас миының атқару қызметі мен іс-әрекетке бақылауға жауапты бөлігіне әсер ететіндіктен, замануи технология есірткі сияқты екенін айтады.

"Осыдан барып балалар мен ересектер арасында ақылға қонымсыз қылықтарын байқаймыз, басқаша айтқанда тәуелділік қалыптасады. Демофин гармонының мөлшері артып, ол ләззат сезімін оятады. Осы гормон салдарынан Facebook және Instagram желілерінде сағаттап отырғаныңды байқамайсың", - дейді психолог.

Мұндай жағдайда ересек адамдар өздерін бақылай алса, балалар диструктив әсерге еріп кетуі мүмкін. Өйткені оларда әлі құндылықтар бағыты қалыптаспаған.

"Америкалық педиатрия академиясының мәліметінше, сегіз-он жастағы балалардың түрлі сандық технологиялар әсеріне сегіз сағат уақыты кетеді, жасөспірімдер гаджеттер алдында 11 сағатын өткізеді екен. Болашақта мұндай балалардың мінез-құлқы қандай болып шығатынын білмейміз", - дейді ол.

Маманның пікірінше, балалар Интернетте сағаттап отыруының бірнеше себебі бар. "Олар жалғыздықтан, достарының жоқтығынан қаша алады, кейде видео ойын қатты қызықтырады. Виртуал өмірдің оңайлығы алдайды, олар осылай отбасындағы қиындықтардан қашады", - дейді ол.

"Жалғыз, қорғансыз, отбасында жылу жетіспеген балалардың психикасы тұрақсыз, ал интернеттегі ақпарат баланың өмірге көзқарасын теріс қалыптастыруы мүмкін. Баланың өміріне назар салып, мектептегі жағдайын бақылап, үйге келер жолда не болғанын қадағалай жүру керек. Оның әлеуметтік желілерге уақыты болмайтындай, өмірі қызыққа толы болуы қажет", - дейді Ләйлә Өтениязова.

Маман көбіне балаларды технология әлеміне балалардың өзі итермелейтінін атап өтті. Олар баланы камераға түсіріп, тұрысын өзгертуді сұрап, оны желіде бөліседі. "Интернетке тәуелді балалар әдетте бақытсыз, өздерін керексіз сезінеді. Ал өсе келе қоғамға икемсіз, қарым-қатынас жетіспеушілігін сезінуі мүмкін. Өз кезегінде бұл жеке өміріне және жұмысына әсер етеді. Мұндай адамдар әлеуметтік жауапкершілігі төмен немесе қызығушылығында ауытқулары бар адам болып өседі. Болжап көруге болатыны осы", - дейді маман.

Жақында желіде кішкентай қыздардың камера алдында шешінген видеосы таралып кетті. Маманның пікірінше, олар интернеттің әсеріне ілінді.

"Қыздар түскен видео олардың тәрбиелерінің нашар екенін көрсетеді. Ата-аналар оларды бақыламайтын болуы мүмкін, ал видео олардың жыныстық қалыптасуында ауытқу барына дәлел. Бұл балалар ересектердің жыныстық қатынасына куә болды немесе өздері зорлық көрген болуы мүмкін", - дейді сарапшы.

Маманның сөзінше, егер баланың жыныстық қызығушылығы ерте оянса немесе онда ауытқу бар болса - бұл назар аударуды қажет ететін белгі.

"Мұндай балалардың ойындарында жыныстық сипат болуы мүмкін. Оларда ересектердің жатын бөлмеде немен айналысатынына қызығушылығы тым артық. Жыныстық қатынасты өздігінше қайталап, жыныстық тақырыптарға көбірек қызығуы мүмкін", - дейді Ләйлә Өтениязова.

Қорытындылай келе психолог маман балаларға интернетті шегімен пайдалануға үйрету абзал екенін айтады. Өйткені бұл ілгерілеуден мақұрым болмай, рұқсат етілгеннің шегінен шығуға да жол бермейді.

Kaz.tengrinews.kz