Зинақорлықпен айыпталып, Шымкенттен қуылған молда қайда жүр?

none

2017 жылы айқай-шумен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанынан құрылған «Дін істері мәселелерін зерттеу мекемесі» директоры қызметінен қуылған Нұржан Тұрсынбай (1-суретте сол жақта) Алматының тау бөктерінде орналасқан «Әл-Хамид» мешітінде заңсыз молдалық қылып «жан бағып» жүр. Бұл бас мүфти Наурызбай Өтпенов пен Алматының бас имамы Төлеби Оспанның «қарға қарғаның көзін шұқымайды» деген сыбайластыққа бой алдырғанын білдіргендей.

Мүфтият маңындағы дереккөз Шымкенттен қуылған Нұржан Тұрсынбайдың «Әл-Хамид» мешітінде заңсыз діни миссионерлік іспен талайдан бері шұғылданып, нәпақа тауып жүргенін айтады. Бір ай бұрын бас мүфти Наурызбай Өтпенов Н.Тұрсынбайдың әрекетін заңдастырып, оны «Әл-Хамидқа» найб имам етіп тағайындамақ болған. Бірақ, ҚМДБ мен бас мүфтиге қарсы баспасөздегі сынның күшейіп кетуіне байланысты Нұржан Тұрсынбайды тағайындау жөніндегі бұйрық кейінге қалдырылған. Бұған serke.org сайтында жарияланған «Зоофилияны насихаттаған имам қайда жүр?» атты зерттеу мақала да әсер еткен секілді.

Бірнеше жыл молдалық қызмет атқарып, кейін Шымкенттегі «Дін істері мәселелерін зерттеу орталығының» директоры қызметін атқарып жүрген Нұржан Тұрсынбайға ұқсайтын бір еркектің әлдебір әйелмен жыныстық қатынас жасап жатқан интим видеосы интернетте тарап кеткен. Зинақорлықтың бұл фактісіне қатысты шымкенттік блогер, Президент жанындағы Ұлттық кеңес мүшесі Айгүл Орынбек көлемді зерттеу жариялаған. КТК телеарнасынан көрсетілген интим видео да дәлелді қоюлата түсті ( видео мынау сілтемеде: https://www.ktk.kz/kz/news/video/2018/01/17/88123/).

Осы шудан кейін Нұржан Тұрсынбай «өз еркімен» қызметінен кеткен. Дегенмен, алты айдан кейін ол директорлық қызметіне қайта оралды. Бірақ, «Дін істерін зерттеу орталығының» дінтанушылары директор Нұржан Тұрсынбайға қарсы өре түрегеліп, оны зинақорлықтан басқа жемқорлық секілді қоғамға жат әдетімен айыптап, ұжым оның қарамағында ешқашан жұмыс істемейтіні жөнінде кесімді талап қойды. Ұжымның директорға қарсы шығуы ереуілге ұқсас оқиға болған. Осыдан кейін Нұржан Тұрсынбай қызметінен амалсыз кетті. Бұдан кейін қоғам белсенділері Н.Тұрсынбайдың қайда жүргенін біле алмай одан көз жазып қалған.

text

text

Кеше «Әл-Хамид» мешіті бата бергіш ақсақалдардың жарысын өткізді. Бұл конкурстың әділқазылар алқасы құрамында Алматының бас имамы Төле Оспан да болды. Ал Нұржан Тұрсынбай жеңімпаз ақсақалдардың біріне сыйлық табыстады, конкурстан түсірілген суреттерді өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. «Нұржан Тұрсынбайдың ашыққа шығуына қарағанда молдалық қызметі жөніндегі бұйрыққа бас мүфти қол қойған-ау» деген күдік қоюлана түсті.

text

Алматыдағы «Әл-Хамид» мешіті Иманғали Тасмағамбетовтың күйеубаласы Кеңес Хамидұлы Рәкішевтің әкесінің атымен аталады. Шымкенттен қуылған молданың «Әл-Хамидте» бойтасалап жүруі бекер емес. Атыраудағы дереккөз ҚМДБ-ның өңірде тағы 25 мешіт тұрғызу жөніндегі жоспарын жүзеге асырушы инвесторлардың бір ретінде Кеңес Рәкішевтің есімін атаған, қаланың Атырау мөлтекауданында салынуы тиіс мешіт Е.Рәкішевтің марқұм енесі «Ділдә апа» есімімен аталатынын айтқан. Бұдан басқа бас мүфти Наурызбай Өтпеновтің Иманғали Тасмағамбетовты арқа тұтатыны баспасөзде жазылды. Ал Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспанның бас мүфти Наурызбай Өтпеновтің «сенімді кадры» екені жөнінде serke.org сайтында жарияланған «Молдалар кілемге мініп ұша ма?» атты мақалада жазылған жайт Шымкенттен қуылған молданың басқа жерге барып тығылмай Алматыдағы «Әл-Хамид» мешітінде «жан бағып» жүруінің себебін негіздей түседі.

Ораз Әлімбеков

Айдары: Текемет 08.10.2021 1043

Қатысты мазмұн