Зимбабвенің бұрынғы президенті Роберт Мугабе қайтыс болды

none

Зимбабвенің бұрынғы президенті, Африканы азат ету қозғалысы жетекшілерінің бірі, диктатор Роберт Мугабе 96 жасында қайтыс болды деп хабарлады британдық BBC телеарнасы. Оның қайтыс болғанын Мугабенің туыстары растады.

Мугабе Оңтүстік Родезияның (Зимбабвенің бұрынғы аты) Ұлыбританиядан тәуелсіздік алуына күш салған ұйымға жетекшілік етті. 1965 жылы мемлекет тәуелсіздігін жариялады. Бірақ оның тәуелсіздігін халықаралық қауымдастық мойындамады.

1980 жылы елде азаматтық соғыс аяқталып, Мугабе сайлауда жеңіске жетті. Тәуелсіз Зимбабвенің премьер-министрі болып тағайындалды.

Зимбабвені тәуелсіздік алған 1980 жылдан бері басқарған Роберт Мугабе 2017 жылы әскери төңкерістен соң биліктен кеткен.

Сыншылар Мугабе режимін демократиялық процестерді тежеді, ақ нәсіл өкілдерін қуғындады, елді экономикалық тығырықтан шығара алмады деп сынады. Елді басқарып тұрған тұста инфляция деңгейі екі миллион процентке жетті, тұрғындарының 90 пайызы жұмыссыз болды.

Мугабенің өзі мәселенің түп-тамырын "әлемдік отарлаушылар" мен ішкі және сыртқы күштерден көрді. 2015-2016 жылдар аралығында ол Африка одағын басқарды.

Айдары: Найзағай 03.11.2019 - 17:07