Журналист Бейсен Құранбек қайтыс болды

none

Журналист Бейсен Құранбек 49 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Бейсен Құранбек 1971 жылдың 9 желтоқсанында Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын республикалық «Спорт» газетінде тілші, жауапты хатшы қызметінен бастаған. "Рахат», «31 арна», «Хабар» арналарында, Президент телерадиокешенінде қызмет атқарған.

Журналист Бейсен Құранбек 2007-2012 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болды. 2013-17 жылдары «Қазақстан» телеарнасындағы жалпақ жұртқа танымал «Айтуға оңай» әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуының жүргізушісі болды. 2017 жылдың қыркүйек айынан бері ұлттық арнадағы «Қарекет» бағдарламасын жүргізді. 2014 жылдың қазан айында Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болып қайта тағайындалды.

Журналист Бейсен Құранбек "Қазақстан президенті сыйлығының иегері" (2006 жыл), "ҚР Мәдениет қайраткері" атақтарымен марапатталған.

Журналист Бейсен Құранбек соңғы жылдары қатты сырқаттанып жүрді...

Айдары: Найзағай 18.05.2020 34

Қатысты мазмұн