ЖСДП тізгіні кімнің қолында?

none

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) төңірегінде дау ұлғая түсті. Бұған саяси ұйымның бұрынғы басшысы Жармахан Тұяқбайдың ЖСДП тізгінін журналист Ермұрат Бапиге беру жөнінде жасалған құпия келісімшарттың толық орындалмауы себеп болды. Соның кесірінен ЖСДП-ның алдағы парламент сайлауына қатысты позициясын анықтау деген сылтаумен 6 қыркүйекте шақырылған 15-сиезде партияға төрт айдан астам уақыт төраға болған Бапиге «сенімсіздік» танытып, қызметінен босатты. Артынша оны партия қатарынан шығарып жіберді.

Осымен дауы аяқталу керек еді. Бірақ, Бапидің партия төрағалығына демократиялық жолмен сайланбағанын, оның шетелде қашып жүрген Ә.Қажыгелдин мен Б.Рысқалиевтің қаржылай көмегімен ЖСДП-ны сатып алғанын айғақтайтын қолхаттар жариялана бастады. Сондай қолхаттың бірінде Ермұрат Сейітқазыұлы Бапидің ЖСДП аппарат басшысы, Тұяқбайдың «оң қолы» әрі қаржы мәселесімен айналысатын көмекшісі Ұлан Хандуллаевтан 200 мың доллар «қарыз» алғаны жазылған (2-суретте).

text

Қолхат 2019 жылдың 26 сәуірінде берілген. Дәл осы күні ЖСДП сиезінде Ж.Тұяқбай партия төрағасы қызметінен кетіп, оның орнына Е.Бапи сайланған болатын. Партия ішіндегі құпия дереккөз қолхаттың сол күні жазылғанын, бірақ ол жерде ешқандай алыс-беріс болмағанын растады. Оның айтуынша, Бапи партияның президент сайлауына қатысты өткізілетін келесі жиналысына дейін (09.05.2019) Қажыгелдин-Рысқалиев бөлген қаржыны ЖСДП-ның бұрынғы басшылығына жеткізуі тиіс еді...

text

Былайғы жұртқа жария болып кеткен тағы бір қолхатта Ермұраттың туған інісі Эрик Бапиев әлдебіреуден 100 мың доллары алғаны (3-суретте) жазылған (07.05.2019). Бұған қарап Е.Бапидің Ұ.Хандуллаевқа «қарызының» жартысын беріп, қалған 100 мың үшін інісіне қолхат жаздырып, қалған қарыздың мерзімін создырып кетті» деп ой түюге болады. Дегенмен, партия ішіндегі дереккөз екі қолхатта көрсетілген қаржының бір-біріне қатысы жоқ деп санайды. Оның ойынша, ЖСДП жетекшілігінен Жармахан Тұяқбайдың өз еркімен кетіп, оның орнына Ермұрат Бапидің «сайлану құны» 300 мың доллар емес, ол сома әлдеқайда көп. Екі қолхатта көрсетілген қаржы «сатушыға» жетпей қалған бөлігі ғана. «Қарызын» түгел өтеген болса, соңында із қалдырмайтын қу түлкі берешегі жөнінде жазған қолқатын қайтарып алып, өртеп жіберуші еді» дейді дереккөз.

text

Дереккөздің мәліметінше, Ермұрат Бапи партияның бұрынғы қожайынын ала жаздай «уәдемен емізіп» келді. «Шыдамның да шегі бар»: 6 қыркүйекте өткен ЖСДП сиезінде Ермұрат Бапиге «сенімсіздік танытты», ол төрағалықтан шеттетіліп, партиядан қуылды. Бұған мамырдың 21-інде Бапимен Парижге еріп барып, саяси жобаны қаржыландырып жатқан Ә.Қажигелдин және Б.Рысқалиевпен кездесіп қайтқан (4-суретте) ЖСДП филиалдарының төрт жетекшісі (А.Рахымжанов, Т.Сәмбетбай, М.Камалов және Қ.Күнболатов) белсене қатысты. Ермұрат Бапиді партиядан қуып жіберген олар ЖСДП төрағасы лауазымына Асхат Рахымжановты сайлап алды. Әрине, филиал басшыларының Бапиді қуып жіберген бұл әрекетін партияның бұрынғы төрағасы Жармахан Тұяқбай сынға алып арнайы мәлімдеме жасаған. «Мұның бәрі көзбояушылық, филиал жетекшілері Жармахан Тұяқбайдың нұсқауы бойынша әрекет етті, әлі де партия тізгіні соның қолында» дейді дереккөз.

Ерасыл Бердібек

Айдары: Дүрбі 03.10.2019 496

Қатысты мазмұн