Жоғалған оқушы қыздар аман-есен табылды

none

Алматы облысында жоғалған оқушы қыздар жалдамалы пәтерден табылды, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, полицейлер қыздарды тауып, ата-анасына жеткізген.

"Іздестіру шаралары барысында полицейлер Алматыдағы жалдамалы пәтерлердің бірінен екі оқушы қызды тапты. Олар аман-есен. Ата-анасына жеткізілді. Балалардың Алматыға таксимен барғаны анықталды. Үйден не себепті кетіп қалғаны анықталып жатыр", - делінген полицейлердің хабарламасында.

Мұның алдында Алматы облысында Ескелді ауданының екі оқушысы - Ару Бекберді мен Талшын Қызырбайдың іздестіріліп жатқаны хабарланған еді. 21 қаңтарда кешкісін Ескелді аудандық полициясына Алдабергенов ауылының екі тұрғыны 2006 жыне 2008 жылғы кәмелетке толмаған балаларының мектептен оралмағанын айтып, арыз берген.

Айдары: Найзағай 23.01.2020 99

Қатысты мазмұн