Жарыққа шығатын кітаптарды іріктеу басталды

none

ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы 2022 жылы басылып шығатын кітаптарды іріктеу кезеңін бастады. Бұл кезеңге қалауы бар кез келген оқырман қатысып, жарыққа шығатын әр жанр мен саладағы кітаптарға дауыс бере алады.

«ҚР «Мәдениет туралы» Заңына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес, «Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» мемлекеттік бағдарламасына ұсынылған кітаптарды алдын-ала іріктеумен ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы айналысады. Мемлекеттік бағдарламаға ұсынылған кітаптарды қабылдау мерзімі 2021 жылдың 31 мамыры күні аяқталды.

Құжаттары мен қажетті материалдары ұсынылған шығармалар келесі кезең – дауыс беру кезеңіне жіберілді. Дауыс беру кезеңі 2021 жылдың 4 маусымынан 31 шілдеге дейін жалғасады.

Оқырмандар дауысының қорытындысын ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы жанындағы Тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелері ескереді.

Оқырмандар дауысының қорытындысы шешуші рөл атқармайтынын назарларыңызға ұсынамыз!» деп жазылған Кітап палатасының сайтында.

Дауыс беру сілтемесі: http://e.kitap-palatasy.kz/janry

Айдары: Текемет 08.06.2021 169

Қатысты мазмұн