Жаңаөзенде жұмысшылар ереуілге шықты

none

"Фиркрофт" ЖШС жұмысшылары жалақысын көтеруді талап етіп, ереуілге шықты. Олар талаптары үш күн ішінде орындалмаса, Жаңаөзендегі басқа мұнай компания қызметкерлерін наразылыққа шақыратынын айтты, - деп хабарлады Lada.kz.

Бұрын Жаңаөзен әкімдігінде наразылыққа шыққан "Фиркрофт" ЖШС қызметкерлері 19 сәуірде ереуіл жариялады. Олардың айтуынша, олар жұмыс істеп жатқан қала әкімдігі мен "Бұрғылау" ЖШС басшылығы талаптарын орындай алмаған.

"Өңірлік мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан Жаңаөзен әкімінің орынбасары мен кеңесшісі, "Фиркрофт" ЖШС бас директоры келді. Олар мәселемізді шеше алмады. Сондықтан ол шешілгенше ереуілге шыға береміз", - деді жұмысшылардың бірі.

Ереуілшілер Маңғыстау әкімі мен Қазақстан Республикасының Президентіне бейнеүндеу жариялады. Олар егер талаптары үш күнде орындалмаса, Жаңаөзендегі барлық мұнай компаниясы қызметкерлерін ереуілге шақыратынын айтты.

"Бұрғылау" ЖШС басшылығы бірнеше жұмыскерді жұмысқа орналастыруға көмектесуге дайын екенін айтты. Жыл соңына дейін компанияда шамамен сегіз лауазым босайды және бұл орындарға қазір ереуілге шыққан бірнеше қызметкерді ала алады. Алайда қызметкерлер биыл штатқа кемінде 40 қызметкерді қабылдауды талап етеді және бұл талапты орындау мүмкін емес, өйткені компания штаты толық", - деді Нұралы Баулыбаев.

Ол "Фиркрофт" ЖШС қызметкерлерінің жалақысын "Бұрғылау" ЖШС штаттық қызметкерлерінің жалақысына теңестірумен Атыраудағы еңбек инспекциясы айналысатынын, өйткені "Фиркрофт" ЖШС сол жерде тіркелгенін айтты.

"Бүгінде тексеру жүргізіліп жатыр, оны аяқтағаннан кейін жалақыны теңестіру және биыл қаңтардан бастап қайта есептеу бойынша шаралар қабылданады. Біз бұл мәселені компания қызметкерлеріне түсіндірдік", - деді Нұралы Баулыбаев

Айдары: Найзағай 20.04.2021 44

Қатысты мазмұн