Жанболат Мамайға әпкесі қарсы шапты

none

Демократиялық партия құруға ұмтылып жүрген Жанболат Мамайға оның әпкесі Бибігүл Мамай қарсы шықты. Інісінің екіжүзді екенін айтқан ол жұртты жас саясаткердің ұрандаған сөзіне еріп, заңсыз митингіге шығып, бекерге арандап қалмауға шақырды.

Бибігүл Мамай - Жанболаттың әкесінің бірінші әйелінен туған қызы. Айтуынша, шешесі істі болып түрмеге қамалғанда әкесі онымен ажырасады. Ол кезде Бибігүл шешесінің ішіндегі үш айлық шарана екен. Бибігүл туылған соң, түрме әкімшілілгі оны Қапшағайдағы балалар үйіне өткізіпті. Содан ол есейгенше әке-шешесі мен туыстарын білмей-көрмей өскен.

Бибігүл Мамай 2015 жылы әкесі мен шешесі туралы мәліметке қол жеткізеді. Алдымен ол әкесі Мамайға телефон шалады. Ол қызынан бас тартады, ... бірақ, Мамай Бибігүлге туған шешесінің телефон нөмерін тауып береді. Бұдан кейін Бибігүл шешесіне хабарласады. Шешесі бір сағат ішінде балалар үйіне жанұшыра жетіп келіп, Бибігүлді үйіне қонаққа шақырып алып кетеді де, оны жаңа отбасы мүшелерімен таныстырады...

Сұқбатты зейін салып тыңдасақ, Бибігүл әкесі Мамайға өкпелі. Дегенмен, ол әкесінің екінші әйелінен туған інісі Жанболатты сырттай мақтан тұтып жүреді. Оның саясатпен айналысып, елдегі өзекті проблемаларды айтып, билікті қорықпай сынап жүргеніне тәнті болады. Алғашында Бибігүл інісін принципшіл, идеяға адал саясаткер санайды. Оның інісі жөніндегі пікірі 2017 жылы Жанболат Мамай Әбілязовтің ұрлықы ақшасына газет шығарғаны үшін тұтылып, қамауға алынып, көп ұзамай қапастан босап шыққан кезде өзгере бастайды. Сот шешімі бойынша, қамаудан шартпен босап шыққан Жанболат Мамайға кәсібімен шұғылдануға бірнеше жылға шектеу қойылған. Ал Жанболат ол шектеуді елемей бірнеше деректі фильм түсірумен айналысты, тіпті бірнеше мәрте шетелге іссапарға шықты. Сот шешіміне бағынбаған Жанболат Мамайдың тайраңдауы мұнымен де шектелмеді. Саяси партия құру жұмысын бастап жіберді. Бір сөзбен айтқанда, көңіліне күдік ұялаған Бибігүл қазір інісі Жанболатты биліктің «саяси жобасы» деп санайды. Оның ойынша, Жанболаттың 6 маусымға халықты митингіге шақыруы - әдейі жасалып жатқан арандатуы.

Бибігүл Мамайдың Жанболат Мамайға жеке реніші бар екенін де айта кеткен жөн. Жарты жылдай бұрын Бибігүл банкте кезек күтіп отырады. Сол кезде Жанболат Мамай да банкке келіп, бонкоматтан көп ақша шығарып алып тұрады. Оның қасына барған Бибігүл бауырымен амандасып, «Жанболат, мен сенің әпкең болам, аты-жөнім – Бибігүл Мамай, келші, танысайық» деп қиылады. Әпкесіне көзін аларта бір қараған Жанболат бір ауыз сөз айтпай теріс айналып кетеді...

Осы оқиғадан кейін Бибігүл інісі Жанболатқа да қатты ренжиді. Оның Жанболат Мамайға қарсы шығып, шындықты жайып салуының себебі көкірегінде көн болып қатып қалған сол бір реніш-ау деп түйіндедік.

Төменде Бибігүл Мамайдың сұхбатын қысқартып жарияладық:

Берік Мыңжасар

Айдары: Түтін 28.05.2020 233

Қатысты мазмұн