Жанболат Ағаділдің өліміне қатысты сот басталды

none

4 ақпанда Нұр-Сұлтанның мамандандырылған ауданаралық сотында Жанболат Ағаділдің өліміне байланысты қозғалған іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды. Бұл туралы аталған соттың баспасөз қызметі хабарлады.

  • Істе 6 айыпталушы бар. Олардың аты-жөндері: Назарбеков, Әбілдаев, Сыдық, Жұмахан, Асболат, Рахмет. Оларға төрт бап бойынша айып тағылған: 293-бап ("Бұзақылық"), 99-бап ("Адам өлтіру"), 432-бап ("Қылмысты жасыру"), 434-бап ("Қылмысты хабарламау"). Алты жәбірленуші бар, - деді соттың баспасөз қызметінің өкілі.

Істі судья Әлғожаев жүргізіп жатыр. Сот процесі ашық, бірақ оған ПТР тесті бар тілшілер ғана қатыса алады.

Былтыр 11 қарашаға қараған түні Нұр-Сұлтанда азаматтық белсенді, марқұм Дулат Ағаділдің ұлы Жанболат Ағаділ төбелес кезінде пышақ жарақатын алып, мерт болған. Полиция оқиғаға байланысты "Адам өлтіру" және "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған еді.

Ақпарат бойынша, 10 қарашада түнде жергілікті жастар Көктал мен Талапкер ауылы болып бөлініп, төбелескен. Оған нақты не түрткі болғаны белгісіз.

Айдары: Найзағай 04.02.2021 32

Қатысты мазмұн