Зейнетақы жинағын алу: 2023 жылға арналған жеткілікті шек

none

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 2023 жылға арналған зейнетақы жинақтарын пайдаланудың шекті мәнін жариялады.

Қазақстанда жеткіліктіліктің жаңа шегі 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. 2023 жылға арналған шек жасына байланысты 3-10 миллион теңге мөлшерінде болды.

"Кейбір шекті мәндердің өзгеруі оларды есептеу кезінде жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы, ең төменгі күнкөріс деңгейі сияқты әлеуметтік көрсеткіштердің ескерілуімен түсіндіріледі. 2023 жылға ең төменгі жалақы 70 мың теңгені, ең төменгі зейнетақы 53 076 теңгені, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 24 341 теңгені, ең төменгі күнкөріс деңгейі 40 567 теңгені құрайды деп көзделген. Шекті мәндерді есептеу кезінде ескерілетін басқа да әлеуметтік маңызды көрсеткіштердің де мөлшері көтерілді", - деп атап өтті БЖЗҚ.

Дереккөз: Tengrinews

Айдары: Найзағай 30.11.2022 54

Қатысты мазмұн