Вирус жұқтырған 251 адам анықталды

none

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 29 наурыз таңертеңгі сағат 11.35-тегі дерегі бойынша, елде 22 адамнан коронавирус анықталған: Нұр-Сұлтанда - 16 адам, Алматыда - 4 адам, Атырау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адамнан вирус табылған.

Елде науқастар саны 251 адамға жетті. Барлығы 18 адам (Нұр-Сұлтан - 13, Алматы - 5) аурудан жазылған. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болған.

Қазақстанда 28 наурыз 22:00-ге дейін 79 адамнан вирус табылғаны белгілі болды. Бұған дейін елде бір күнде мұнша адамнан вирус табылмаған.

Вирус жұқтырған 251 адам мына қалаларда:

Нұр-Сұлтанда - 151 адам
Алматыда - 64 адам
Қарағандыда - 7 адам
Ақмола облысында - 6 адам
Атырау облысында - 6 адам
Алматы облысында - 4 адам
Жамбыл облысында - 3 адам
Шымкентте - 2 адам
Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
Ақтөбе облысында - 1 адам
Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам
Павлодар облысында - 1 адам
Маңғыстау облысында - 1 адам
Қызылорда облысында - 2 адам.
Айдары: Найзағай 29.03.2020 34

Қатысты мазмұн