Ұшақ апатының себебі тым тереңде жатыр

none

Алматы маңына 27 желтоқсан күні таңертең Bek Air әуе компаниясының Алматы-Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшағы құлады. Әуежай баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақта 100 адам - 95 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев әуе апаты салдарынан 15 адамның қаза болғанын айтты.

Қайғылы оқиға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

"Байтақ болашақ" экоальянсының төрағасы Азаматхан Әміртай қайғылы оқиғаға байланысты пікірін айтты. Оның ойынша, ұшақ апатының себебі тым тереңде жатыр.

Айдары: Дүрбі 27.12.2019 981

Қатысты мазмұн