Украинада Қазақстаннан қашып кеткен 6 қылмыскер жүр

none

ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов Парламент мәжілісі алдында жасаған баяндамасында қазіргі уақытта Украинада 6 қазақстандық қылмыскер бар екенін айтты. Бірақ прокурор олардың аты-жөнін нақтылаған жоқ.

Бұған дейін Украинадан іздеудегі адамдардың алтауы экстрадицияланды, олар қазір Қазақстанда жазасын өтеп жатыр.

Қылмыскерлерді ұстап беру жөніндегі Минск конвенциясында экстрадицияның нақты мерзімі көрсетілмеген. «Жаңа келісімшартқа сәйкес эктрадиция мерзімін бір жылдан асырмау керектігін қарастырып жатырмыз», - деді М.Ахметжанов.

Заңды талқылау барысында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин баяндамашыдан Украинда отырып әлеуметтік желі арқылы Қазақстан туралы әртүрлі ақпарат таратып отырған ерлі-зайыптылар туралы сұрады.

«Ерлі-зайыпты бір жұптың қашып кеткенін білеміз. Енді YouTube-те ауыздарына келгенін айтып жүр. Соттадық, енді жауапкершілігін елде өтеулері керек. Неліктен біз әлі күнге дейін азаматтардың елге қайтарылуын ұйымдастыра алмай отырмыз? Бір жылдан асып кетті»,- деді ол. Депутаттардың мәліметінше, қазір 2600 Қазақстан азаматына іздеу жаряиланған. Оның 1500-і мемлекетаралық, 1200-ге жуығы халықаралық іздеудегі қылмыскерлер. «Біз Украинаға алты қазақстандық қылмыскерді қайтару жөнінде өтініш жібердік. Олар орта және ауыр дәрежедегі қылмыс жасағандар. Келісім бойынша жаза мерзімі бір жылдан көп болса, қылмыскер экстрадициялануы керек. Ал Украина бермеген жағдайда, сол елде жазаға тартылуы тиіс. Егер босқын деп танылса, қылмыскер қайтарылмайды. Аталған алты азаматтың Украина билігінен босқын мәртебесін сұраған-сұрамағаны туралы ақпарат жоқ», - деді прокурор.

Мәжіліс Төрағасы «YouTubeғы жұп» деп Садықовтар отбасын меңзесе керек. Себебі YouTube арнасында журналист Наталья Садықова мен Айдос Садықов «БАСЕ» арнасын жүргізеді. Н.Садықоваға 2014 жылы ҚР Қылмыстық кодексінің 129-шы «Адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптап, жала жабу» бабы бойынша 3 жылға сырттай сотталған. Сол жылы наурыз айында ол отбасымен Украинаға көшіп кетті.

Украинада қашып жүрген бірнеше адамның аты дүйім жұртқа белгілі. Ерлі-зайыпты Садықовтартардан өзге алаяқтық ісімен сотталған Жанар Ахметова және шартты жазаны өтеу мерзімін бұзған Ермек Нарымбаев және басқалар бар.

Айдары: Түтін 18.09.2019 45

Қатысты мазмұн