Украина Еуропаға газдың үштен бірін тасымалдауды тоқтатады

none

Украина газ тасымалдау жүйесінің операторы 11 мамырдан бастап Ресей газының үштен бірін Еуропаға тасымалдауды тоқтататынын мәлімдеді. 10 мамырда жарияланған оператор мәлімдемесінде бұған "жаулап алушы күштердің технология процесіне кедергісі" себеп болғаны айтылған. Соның салдарынан "Новопсков" компрессорлық станциясында жедел технологиялық бақылау жүзеге аспай қалған.

Оператордың мәлімдеуінше, соғыс басталғаннан кейін Луганск облысындағы аталған компрессорлық станция мен "Сохрановка" газ өлшеу станциясын Ресей күштері мен сепаратистік құрылымдар басып алған.

Ұйым станциялардың басып алынуына байланысты форс-мажор жариялаған. Ал "Газпромға" қажетті газды Украина бақылауындағы "Суджа" жалғау пунктіне жіберу ұсынылған. Бірақ ресейлік компания олай істеу мүмкін емес деп мәлімдеген.

"Газпром" сонымен бірге Луганск облысындағы станциялар арқылы газ тасымалдауда кедергілер немесе "форс-мажор" жағдайлар туралы ақпарат алмағанын айтқан. Соғыс басталғалы бері де Украина Ресей газын Еуропаға тасымалдайтын негізгі маршрут ретінде қалып отыр.

Айдары: Найзағай 11.05.2022 50

Қатысты мазмұн