ҰҚК: Самат Әбіш — тергеу назарында

none

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш — тергеу назарында. Бұл сөзді бүгін парламент мәжілісінің дәлізінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов айтты.

"Самат Әбіш те тергеу орбитасында. Ол куәлік береді, оның мәртебесін білмеймін. Ол Қазақстанда. Мен оны өзім көрмедім. Менің ойымша, тергеу жүріп жатыр, ол осында болуы тиіс", - деді Әмірханов.

Ол бұрынғы төраға, оның үш орынбасары және тағы төрт аумақтық департамент басшысы - Қызылорда және Алматы облыстары, Алматы бойынша және төртіншісі - бесінші департаменттің бұрынғы басшысына тергеу жалғасып жатқанын және оның анық-қанығы жарияланбайтынын айтты.

Оның айтуынша, басшыларға қатысты тергеу ҰҚК-ның бұрынғы басшысы мен оның орынбасарларына қатысты баптар, сонымен қатар "Әрекетсіздік" және "Немқұрайлылық" баптары бойынша жүргізіліп жатыр.

Биыл Қаңтар оқиғасынан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның үш орынбасары қамауға алынған. Оларға "билікті күшпен басып алуға талпынды", "ірі көлемде пара алды", "қызмет бабын асыра пайдаланды" деген айыптар тағылған. Оларды қамауда ұстау мерзімі бірнеше рет ұзартылған.

Қаңтар оқиғасынан соң бірер аптадан кейін ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш те қызметінен алынған. Алайда оның үстінен қылмыстық іс қозғалмаған.

Мамыр айының соңында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетін реформалау туралы жарлыққа қол қойған.

Айдары: Дүрбі 22.06.2022 39

Қатысты мазмұн