Үкіметте Алматы ТЭЦ-2 жаңғырту жобасы бойынша шешім қабылданды

none

Үкіметте Алматы ТЭЦ-2 жаңғырту жобасы бойынша шешім қабылданды.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кеңесте Алматы ЖЭО-2 жаңғырту жобасы бойынша шешім қабылданды.

"Қоғамдық пікірді ескере отырып, жылу электр станциясын жаңғыртудың қарастырылған төрт нұсқасынан қолданыстағы энергетикалық қазандық агрегаттарын реконструкциялау жолымен ТЭЦ-2-2-ні көмірден газға ауыстыру мақұлданды. ТЭЦ-2 газдандырудың таңдалған нұсқасы қолда бар жеткізу және бұру инфрақұрылымын пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл ретте қоршаған ортаға әсері барынша азайтылады – күкірт тотығының, күлдің шығарындылары болмайды, азот тотығының және көмірқышқыл газы шығарындыларының деңгейі төмен", - делінген хабарламада.

Жоба 2025 жылдың соңына қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады дейді үкіметтегілер.

Айдары: Найзағай 20.10.2020 36

Қатысты мазмұн