Токио Олимпиадасында Грузия спортшылары аккредитациясынан айырылды

none

2020 жылғы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті грузин спортшыларын Олимпиада ауылынан рұқсатсыз шыққаны үшін аккредитациясынан айырды.

Грузияның екі дзюдошысы - Важа Маргвелашвили мен Лаша Шавдатуашвили Олимпиадаға қатысу аккредитациясынан айырылып, коронавирусқа қатысты шектеулерді бұзғаны үшін еліне қайтарылған.

Токиодағы ойындарды ұйымдастыру комитетінің мүндай түбегейлі шешіміне екі спортшының Олимпиада ауылынан өз еркімен шығып, Токиодағы көрікті жерлерді аралауға кеткені себеп болған. Хаттама бойынша спортшыларға белгіленген аумақтан шығуға қатаң тыйым салынған.

Дзюдодан Олимпиада турнирі аяқталды, ал Маргвелашвили мен Шавдатуашвили сәйкесінше 66 және 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанған.

Ұйымдастыру комитетінің атқарушы директоры Тосиро Мутоның айтуынша, Токиодағы ойындар кезінде сегіз спортшының аккредитациясы қайтарылған.

"Грузия елшілігі кешірім сұрап, хат жариялады. Олар көрікті жерлерді аралау үшін ауылдың сыртына шықты. Бұл - ойын-сауық ережелерін бұзу", - деді Муто журналистерге.

Айдары: Найзағай 01.08.2021 75

Қатысты мазмұн