Тоқаев: Кейбіреулер Ресей Қазақстанды "құтқарып қалды" деп жалған айтып жүр

none

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында Қаңтар оқиғасы кезінде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) әскерін елге кіргізу жайлы айтты. Оның сөзінше, "Ресейде кейбіреулер Ресей Қазақстанды "құтқарып қалды", сол үшін Қазақстан Ресейге "мәңгі қызмет қылып, аяғына жығылады" деп бүкіл оқиғаны бұрмалап, жалған айтып жүр".

"Бұл шындықтан ауылы алыс, мүлде қисынсыз сөз" деді Тоқаев.

Ол Қаңтар оқиғасы кезінде ҰҚШҰ шектеулі контингент жібергенін айтып, ҰҚШҰ әскері Алматыға келгеннен сәттен бастап бір де бір оқ ақтпағанын тағы қайталады.

Ресейдің ықпалы басым ҰҚШҰ қаңтарда елге сырттан агрессия жасалғанын мәлімдеген Тоқаевтың өтініші бойынша Қазақстанға екі мыңнан астам сарбаз жіберген.

16 мамырда Мәскеуде ҰҚШҰ елдері басшылары саммитінде Ресей президенті Владимир Путин альянс контингентін Қазақстанға кіргізу жайлы тоқталып, ҰҚШҰ күштері "Қазақстанда билікті басып алмақ болған экстремистердің жолын кесті" деп мәлімдеген. Оның сөзінше, Қазақстанға қасқөйлік жасағандарды "шет елден" басқарған.

Ресми мәлімет бойынша, Қаңтар оқиғасы кезінде кемінде 230 адам қаза болған.

Айдары: Төбе 15.06.2022 68

Қатысты мазмұн