Тоқаев Лукашенконы жеңісімен құттықтады

none

Қазақстан президенті Қасым-Жомат Тоқаев алғашқылардың бірі болып Александр Лукашенконы Беларусь президенті болып қайта сайлануымен құттықтап, "Қазақстан халқының" және өз атынан жеделхат жолдады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Тоқаев "саяси жағдайдың күрделі болғанына қарамастан сайлаудың қорытындысы халықтың Лукашенконың стратегиялық бағытын қолдайтынын көрсетті" деп санайды.

Қазақстан президенті Беларусь халқына "бейбітшілік, өзара түсіністік пен өсіп-өркендеу тіледі".

Тоқаевтан бөлек Лукашенконы жеңісімен Қытай басшысы Си Цзиньпин және Ресей президенті Владимир Путин де құттықтады.

Айдары: Найзағай 10.08.2020 26

Қатысты мазмұн